Маңғыстаулық жас құтқарушылар мен сарбаздарға арналған салтанатты кеш өтті
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 18:13
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық жас құтқарушылар мен сарбаздарға арналған салтанатты кеш өтті

4 Декабря 2016 (19:27) | 1709 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

         Жуырда Маңғыстау облыстық кітапханасының оқу залында, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай салтанатты жиын өтті.

Мерекелік шараға қонақ болып Маңғыстау облысы ТЖ департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» қызметкерлері мен «66/56 әскери бөлімінің» жеке құрамы қатысты.

         Жиын, дәстүр бойынша Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалуымен басталды. Маңғыстау облыстық кітапханасының кітапханашысы Нағашыбаева Райхан Қазақстанда президенттік билігі институтының орнығуы туралы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы Н.А. Назарбаевтың басшылығымен елде саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың сәтті өткізілуі, сонымен қатар елдің бейбітшілігі мен келісімін, қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі елбасының тарихи рөлі жөнінде айтып өтті.  

Шараға жиылғандардың бірлік және ұрпақ сабақтастығын сезінуіне аталмыш кездесудің әсері болғаны анық. Өрт сөндірушілер патриоттық, елжандылық туралы, өздерінің еліміздің қазіргі бейбіт таңы мен жарқын болашағы үшін жауапкершілігі туралы өз көзқарастарын білдірді.

«66/56 әскери бөлім» қызметкерлері еліміздің Тұңғыш Президентінің сүйікті әндерін орындап шықты.

         Шара соңында, қатысушыларға кітапханашылар «Халықтың ұлылығын мүсіндеген тұлға» атты кітап көрмесін таныстырып өтті.

Бұл кездесу туралы біздің басылымға ақпарат жолдаған Маңғыстау облысы ТЖ департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік тіл және ақпарат тобының жетекшісі Рукья Сычеваның мәлімдеуінше, «Жастарға Тәуелсіздігіміздің, еліміздің басты құндылығы-ҚР халқының ынтымағы туралы көбірек айтқан маңызды, сабақтастықты қамтамасыз ету жөн.

Елбасы жастармен кездесу барысында, «біздің халқымыздың басты жетістігі болып табылатын қазақстандық табыстың үш кілті туралы» еске салудан талмайды.

 Бірінші кілт – 140 ұлтпен қамтылған барлық қазақстандықтардың бірлігі. Екінші кілт – толеранттылық, шыдамдылық және де үшіншісі – тарихи тағдырымыздың ортақ болуы.

Оларды үнемі жадымызда ұстау, оларды жүзеге асыру - еліміздің ертеңгі күні – кемел болашағына деген сенімділіктің кепілі».

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему