70 жастағы хирург әлі күнге еңбектен қол үзген емес
Курс валют в Актау
на 28/03/2025
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
28 Марта, 15:43
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

70 жастағы хирург әлі күнге еңбектен қол үзген емес

5 Мая 2014 (05:48) | 6133 | Автор: Редакция

 

«Еңбек – өмірді ұзартады». Бұл саналы ғұмырын адам өміріне араша болуға арнап келе жатқан 70 жастағы дәрігер Өтепберген Кузановтың өмірден түйгені. Ол егде жасына қарамастан қызметтен әлі де қол үзген жоқ. Германия, Польша, солтүстік Кавказ сияқты әлемнің бірнеше елінде әскери хирург болып жемісті еңбек еткен дәрігер, еліміз Тәуелсіздік алған соң, ата жұртына оралады. Өтепберген аға бүгінде Маңғыстау облысындағы полицейлерге медициналық көмек көрсетіп жүр. Ол облыстық ішкі істер департаментінің емханасының белді қызметкері.

 

70 жастағы білікті маман жарты ғасыр бойы тынбастан науқастарға қызмет көрсетіп келеді. Ресейдің Астрахань облысында дүниеге келген қазақ жігіті Красноярскідегі медициналық оқу орнын үздік тәмамдап, дәрігер мамандығын игеріп шығады. Қабілетімен көзге түскен Өтепберген аға дипломын алған бойы еңбек жолын бастау үшін шетелге жіберіледі. Германия, Польша, Түркменстан және Өзбекстан мен Қырғыз республикасы сияқты әлемнің оншақты елінде әскерилерге күрделі деген операцияларды жасайды. Осылайша, қарапайым хирургтан госпиталь басшысының орынбасарына дейін көтеріледі. Өтепберген Кузановтың айтуынша, әсіресе Польшадағы әскери полигонда еңбек еткен жылдар қиындығымен есте қалыпты. «Оққа ұшқан сарбаздардың өмірін аман алып қалу үшін тәулік бойы көз ілмеген күндеріміз көп болды»,- деп еске алады қарт дәрігер.

Өтепберген Кузанов, хирург:

 

- Елдің солтүстігіндегі танк дивизиясына жіберді мені. Әскери полигонда күнде жаттығу. Шынайы жаттығу. Күнде бірнеше адам жараланып келеді. Бірінің аяқ-қолы сынса, енді бірі бастан, мидан жарақат алады. Үшіншісі бел омыртқасын сындырып алып келеді. Тағы бірінің денесінен оқты алуға тура келеді. Әйтеуір күні-түні операциядан көз ашпаймыз. Бір айда 3-4 күнге демалыс алып, үйге келсек соған қуанатынбыз. Бірақ бізде бір ғана мақсат болды, берілген жұмысты жауапкершілікпен орындау, адам өміріне араша болу. Басқа ешнәрсені ойлағанымыз жоқ.

 

 

 

Дәрігер шетелде жүрген 30 жылдың ішінде 18 мәрте жұмыс орнын ауыстырыпты. «Әскери тәртіпке сай жиі-жиі көшіп-қонуға тура келетін еді»,-дейді ол. Өтепберген аға 1994-ші жылы тарихи Отаны Қазақстанға көшіп келеді. Әке-шешесі Ақтауға тұрақтағандықтан, кәсіби дәрігер де Маңғыстау жеріне келеді. Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментіне қарасты емханаға жұмысқа қабылданады. «Дәрігер адамның тәнін ғана емес, жанын да қатар емдеуі қажет»,-дейді Өтепберген Кузанов. Ол маңғыстаулық полицейлерді үнемі салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, ақыл-кеңесін беріп отырады. Ол әріптестері мен бүкіл полицейлер арасында сыйлы, құрметті жан.

Амангелді Халмұрадов, Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті басшысының орынбасары:

- Кузанов Өтепберген ағамызбен 25 жылдан бері бірге қызмет жасап келе жатырмыз. Бұл кісінің әрине біздің ішкі істер саласына қосып жатқан үлесі өте зор, маңызды. Ол ішкі істер департаментіндегі түрлі қоғамдық шараларға да белсене араласады. Жастардың осындай кәсіби, өз ісінің білгір маманынан алар өнегесі көп болады деген ойдамын. Оның еңбек жолы жас дәрігерлерге үлгі. Мамырдың бірі күні 70 жасқа толған қарт дәрігерді ішкі істер департаментінің басшылығы мерейтойымен шын жүректен құттықтайды. Өтепберген ағаға зор денсаулық, отбасына бақыт тілейміз.

 

Өтепберген ағаның жары да дәрігер. 70-ке таяғанымен ол да еңбектен қол үзген жоқ. Бір ұл мен қыздан үш немере сүйіп отырған қос қария жұмыстан босай қалса, бақша баптап, құс өсірумен айналысады. Аймақтағы табиғаттың қолайсыздығына қарамастан аулаға еккен өнімдері жайқалып өсіп тұр. Қияр, қызанақ, сәбіз, картоп пен болгар бұрышы дейсіз бе, бәрі бар. Қарт дәрігерлердің пайымдауынша, еңбек қана өмірді ұзартады. Өтепберген аға Алла денсаулық берсе, дәрігерлік қызметін әлі де жалғастыра бермек ниетте. 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему
загрузка...