Шығарма жазудан байқау өтті
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 09:31
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Шығарма жазудан байқау өтті

28 Ноября 2016 (20:04) | 3469 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

"Достық үйі» ғимаратында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» тақырыбында оқушылар арасында шығарма жазудан байқау өтті. Бұл жалпыреспубликалық байқаудың облыстық іріктеу кезеңі. Әр аудан, қаладан үздік шыққан өзге ұлт өкілдері өзара мықтыны анықтады

Байқауда Маңғыстау облысы білім басқармасының орта мектептерде өткізген шығармашылық байқауларының іріктеу кезеңінен өткен, өзге ұлт өкілдерінен құралған 26 қатысушы бақ сынасты. Олар  жас ерекшеліктеріне қарай 4 топқа бөлінді: 1-топ – 6-7 сыныптар; 2 топ – 8-9 сыныптар; 3-топ – 10-11 сынып оқушылары.

Маңғыстау облысының ҚХА төрағасының орынбасары-хатшылығының меңгерушісі Гүлжан Мақсұтқызы қатысушыларға байқау ережелері мен шарттарын түсіндірді. Шығармаға арқау болатын идеялар тастап, сәттілік тіледі. Оқушылар берілген 1 сағат 20 минут уақытты тиімді пайдаланып, белгіленген уақытта шығармаларын жазып бітірді.

Әділ-қазылар алқасы шығармаларды тексеріп, бағасын беремін дегенше, «Қоғамдық келісім» КММ ұйымы оқушыларды «Достық үйімен» таныстырды. Мұражайдағы өзге халықтардың ұлттық құндылықтарын көресетті. Кітапхана, этномәдени бірлестік өкілдерінің кабинеттері, жастар ұйымы және медиация кабинеттерімен таныстырды. 

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Жас категорияларына байланысты 1-ші орын үш қатысушыға берілді. Олар 6 сынып оқушысы, ұлты татар – Аймира Мухаметшина, 9 сынып оқушысы, ұлты өзбек – Шахноза Юсупова, 10 сынып оқушысы, ұлты шешен – Карима Салихова.

Жеңімпаздар дипломмен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Өзге де қатысушыларға алғыс хаттар табысталды. Топты жарып шыққан жеңімпаздардың шығармалары республикалық кезеңге жолданады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен өткізілген байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, жастар арасында Тәуелсіз Қазақстан үшін мақтаныш сезімі мен патриоттық сезімді ояту, қоғамдық келісім мен тәуелсіздік идеяларын дамыту.

 Фото автора

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему