Мәскеуден қос жүлдемен оралды
Курс валют в Актау
на 16/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
16 Апреля, 17:49
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мәскеуден қос жүлдемен оралды

23 Ноября 2016 (15:31) | 1799 | Автор: Нурганым Имашева

 

Мәскеуде бір аптаға созылған самбодан өткен Әлем Чемпионаты мәресіне жетті. Дүбірлі додада маңғыстаулық балуан, облыстық «Жастар» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің самбошысы Айболат Мұратұлы топ жарып, қос медальдың иесі атанды. Жерлесіміз әмбебап жекпе-жектен күміс және самбодан қола медальдарды қоржынға салды.

         15-21 қараша аралығында өткен байрақты бәсекеге Қазақстан, Ресей, Болгария, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Иран, Финландия, Латвия барлығы 22 мемлекеттен 238 балуан қатысты. Олардың арасынан әмбебап жекпе-жектен +95 келі салмақта еліміздің намысын қорғаған Айболат Мұратұлы жеңімпаз атанып, күміс медальді иеленді. Жерлесіміз ирандық, латвиялық, белоруссиялық қарсыластарын айқын басымдылықпен жеңіп, финалға жолдама алды. Шешуші сәтте ресейлік балуанға есесін жіберіп, күміс медальді қанағат тұтты.

         - Жарысқа Маңғыстаудың атынан жалғыз өзім қатыстым. Жарыстың алғашқы күні самбодан өткен белдесуде қола медальді иелендім. Жарыстың екінші күні әмбебап жекпе-жектен өткен кездесуде күміс медальді еншіледім.

         Жалпы командалық есепте Қазақстан құрама командасы екінші орыннан көрінді. Жарысқа қатысуға қолдау көрсеткен Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің басшысы Қ. Дәлбековке, облыстық спорт басқармасына, белгілі бапкер, спорт жанашыры М. Бисекеновке алғыс айтамын. Жеңісімді ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнаймын, - дейді Айболат Мұратұлы.

         Айболат - бұған дейін Атырауда ересектер арасында спорттық және жауынгерлік самбодан өткен Ел біріншілігінде топ жарып, ҚР-ның чемпионы атағын иеленген болатын.  

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему