Ақтаудағы тәрбие ошағында бірлік күніне арналған фестиваль өтті
Курс валют в Актау
на 12/03/2026
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
12 Марта, 16:50
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаудағы тәрбие ошағында бірлік күніне арналған фестиваль өтті

2 Мая 2014 (04:32) | 6463 | Автор: Редакция

 

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай облыс орталығының 6 шағынауданында орналасқан «Девианттық мінез-құлықты балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты» мекемесінде «Ынтымағы жарасқан Қазақстан» деп аталған фестиваль ұйымдастырылды.

 

Мерекелік кешке тәрбие орнының педагогтары мен тәрбиеленуші жасөспірімдері бірлесе тыңғылықты дайындалыпты. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бірлесе атқарған істің нәтижесі де ерекше болатыны белгілі. Түрлі ұлттық костюмдер мен атрибуттарды дайындап, бірнеше халықтың ұлттық би өнерін үйрену үшін балалар бар ынтасымен кіріскені мерекені тойлау барысында анық байқалып тұрды.

 

 

«Девианттық мінез-құлықты балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты» мемлекетік мекемесінің директоры Амангүл Човдурбаева: «Біздің тәрбие және білім беру мекемемізде бірнеше ұлттың балалары тәрбиеленуде. 1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында ұжым мүшелері мен тәрбиеленушілеріміздің бірлесе дайындаған мерекелік кешін өткізудегі басты мақсатымыз-балаларымызды елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан түрлі ұлт өкілдерінің мәдениеті, тарихы, өнері, салт-дәстүрімен таныстыра отырып, отансүйгіштікке, бірлікке, толеранттыққа тәрбиелеу, жас өрендердің бойында бір-біріне деген сыйластық, түсіністік, сыпайылық,татулық сезімдерін қалыптастыра отырып, жоғары адамгершілік қасиеттерді, елжандылықты ояту. Балаларға тек әңгімелеуден гөрі олардың өздерін қатыстыра отырып, түрлі ұлттардың өнерін көрсетуге қызықтырған педагог мамандармен бірлесіп мерекеге дайындалған тәрбиеленушілеріміз бұл кештен ерекше әсер алды»,-деді.

 

Фестиваль барысында қазіргі таңда әлемнің әр түкпірінде болып жатқан қақтығыстарға қарағанда Қазақстанда 130-дан аса ұлттың өкілдері бір шаңырақ астында ынтымағы жарасып, тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқаны-ел халқының бірлігі, айнымас достығы, өзге елдерге үлгі боларлық ерекше татулықтың моделі екеніне басты назар аударылды.

 

 

Мерекелік көңіл-күйге бөленген ұжымның көңілді кешіне бірнеше халықтың өкілдері қонаққа келіп, өз ұлттарының мәдениетімен таныстырды. Ал түрлі ұлттардың өнерін көрсетуге тырысқан жасөспірімдер орыс, түрікмен, грузин халықтарының ұлттық билерін билеп, өздерінің өнерден құр алақан еместігін көрсетті.

 

«Жорға» би тобының өнерпаздары өнер көрсеткен мерекеде тәрбиеленушілер мен педагогтардан құралған ынтымағы жарасқан интернат ұжымы да бишілерге қосылып, би билегенде сахна төрі ерекше құлпырып, жайнап кетті.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему