Үш жылдығын қорытындылады
Курс валют в Актау
на 27/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
27 Ноября, 05:36
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Үш жылдығын қорытындылады

30 Октября 2016 (16:43) | 2749 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

          «Holiday Inn» қонақ үйінде «Жас мамандардың өндірістегі рөлі» тақырыбында «Қаражанбасмұнай» АҚ жас мамандар кеңесінің форумы өтті.

 

Айтулы шараға облыс әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева, «Қаражанбасмұнай» АҚ компаниясының президенті Есен Қайыржан, облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Қайрат Жанабеков,облыстық мәслихаттың депутаты Аббат Өрісбаев, «Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкерлері жергілікті кәсіподағының төрағасы Төремұрат Көбен, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Жас мамандар кеңесінің» төрағасы Саят Кайгельдинов қатысып, жас мамандар кеңесінің үш жылдық мерейтойымен құттықтап, ақжарма тілектерін ағытты.

 

         - Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында үш жылдық мерейтойын тойлап отырған жас мамандар кеңесінің мүшелерін айтулы мерекемен құттықтаймын. Осыдан бір жыл бұрын облыстық кәсіподақтар жанынан «Келешек» жастар қанаты құрылған болатын.

Оның құрамында қаражанбастық біршама жастарымыз бар, олардың барлығы облыс көлемінде өткізілетін мәдени-көпшілік, спорттық шараларға белсене қатысуда.

Ұжымдық шарт жасауда да «Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкерлері де белсене атсалысты. Мұның барлығы - компания басшысының біліктілігі мен ұжымның ауызбіршілгі деп санаймыз.

 Сондықтан да мекеменің жастарын тағы да мерейтоймен құттықтап, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға береке тілеймін,-деген облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Қайрат Жанабеков кәсіподақ жұмысына белсене атсалысқан бірқатар жас мамандарды марапаттады.

 

         «Жас мамандар кеңесі» - 2013 жылы қыркүйек айында компания жанынан құрылған қауымдастық. Негізгі мақсаты - мекеме қатарында еңбек етіп жүрген жас мамандардың басын қосып, олардың жаңа қырынан танылуына ықпал ету. Сонымен қатар заман талаптарына сай әрекет ете алатын, бәсекелестік қабілеті жоғары, ел ертеңі үшін аянбай еңбектенетін, өзіндік ойы бар көшбасшылар шоғырын қалыптастыру. Бүгінде кеңестің құрамында 18-35 жас аралығындағы 250 белсенді жас бар.

 

         - Жас мамандар кеңесінің алдында-жастарды «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асыруға тарту, «Қаражанбасмұнай»,«ҚазМұнайГаз» ҰҚ кадр резервіне енгізу, жастардың азаматтық және патриоттық сезімдерін өздігінен дамытуын ынталандыру, кеңесінің құрамына жастарды тарту міндеттері тұр. Сонымен қатар алдымызда жастарды кәсіби және лауазымдық өсуін арттыру, жас мамандардың белсенділігін 100% -ға жеткізу, ғылыми- инновациялық жобаларды 60%-ға көбейту, жас мамандардың жеке тұлға және кәсіби маман ретінде дамуына ат салысу, олардың көшбасшылық, ұйымдастырушылық қасиетін дамыту мақсаты тұр, - деген «Қаражанбасмұнай» АҚ жанындағы жас мамандар кеңесінің төрағасы Данияр Оралов кеңестің жетістіктері жайында әңгімелеп берді.

 

         Оның айтуынша,өткен жылы «Жас мамандар кеңесінің» белсенділері Бағдат Қойлыбаев пен Махамбет Елеусинов Венгрияға барып, «ҚМГ» ҰК стипендиясымен мұнай-газ саласындағы жоғары кәсіптік білім сатысын игерген.

 

Айдын Қожаш - «ҚМГ»ҰК инновациялық жобасынан бірінші орынды, Руслан Ақмұханов - екінші орынды, мұнайшылар конкурсынан Асқар Нұранов «Жас Мұнайшы - 2015» номинациясын еншілеген. Ал, Ержан Айтпаевтың КиПиА саласында «Бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика» атты кітабы қазақ тілінде жарық көрген.

 

Татарстан Республикасының «Татнефть» компаниясына тәжірибе алмасу үшін 30 жас маман барып, қайтқан. Сондай-ақ, «Жас мамандар кеңесінің» белсенділері Мәскеуде өткен шағын футболдан бірінші және облыстық жұмысшы жастар арасында өткізілген «Жайдарман» ойынынан екінші орындарды қанжығалаған.    

 

         - Кеңестің негізгі бағыты - жастардың біліктілігін арттыру, жастардың инновациялық бастамаларына қолдау көрсету және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

Үш жыл ішінде кеңес 25 мәдени әлеуметтік шаралар, 20 ғылыми-инновациялық жобалар, 30 спорттық шараны, 15 қайырымдылық шараларын өткізді. Бұл бағыттағы жұмыстар да алдағы уақытта жалғасын табады, - дейді Данияр Оралов.

 

         Форум аясында «Қаражанбасмұнай» АҚ компаниясының президенті Есен Қайыржан кеңес мүшелеріне төсбелгі мен Алғыс хаттар табыстады.

 

Форумнан соң жастар «TED TALKS» кездесуіне қатысып, қонақтарға сұрақтар қойып, еркін пікір алмасты. 26 қазан күні форумға қатысушылар үшін пейнтболдан жарыс ұйымдастырылды.

 Фото автора

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему