Маңғыстаудың туристік саласының дамуына кері әсер ететін факторлар сараланды
Курс валют в Актау
на 01/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
1 Мая, 00:33
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаудың туристік саласының дамуына кері әсер ететін факторлар сараланды

21 Апреля 2023 (18:34) | 2304 | Автор: Редакция

Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында сауда және туризм салалық кеңесінің отырысы өтті. Онда туризм саласының мәселелері көтерілді. Ақтаудағы 1- шағын ауданның теңіз жағалауының ластануы, шіруі, Қаракөл көлінің жай-күйі, туризм саласындағы мемлекеттік қолдау шарасынан бас тартылған жеке кәсіпкердің өтініші бойынша іс-шаралар қаралды.

«EcoJer» қауымдастығының Маңғыстау облысы бойынша өңірлік экологиялық кеңесінің мүшесі Әділбек Қозыбақов жасанды шығанақтың құрылуына байланысты теңіз жағалауында балдырлар мен шірінділердің пайда болу проблемасын көтерді.

«Салдарынан жағымсыз иіс мүңкіп тұр. Бұл туристік саланың дамуына теріс әсер етеді. Егер жағдай қазір түзетілмесе, онда жазда ол санитарлық-эпидемиологиялық сипатқа ие бола алады. Өйткені бұл жер жергілікті тұрғындар арасында өте танымал», – дейді ол.

Аталған мәселені талқылауға Маңғыстау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры Ильяс Сандыбаев, Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Есенқос Әділбаев және Маңғыстау облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің желкенді спорт бойынша басшысы Қанат Маңғыбаев қатысты.

Әділбек Қозыбақов сауда және туризм салалық кеңесінің мүшелеріне, жергілікті атқарушы органдардың өкілдеріне Қаракөл мәртебесін республикалықтан жергілікті мәртебеге өзгерту туралы ұсыныспен жүгінді. Оның пікірінше, бұл – сулы-батпақты жерлерде экологиялық туризмді дамыту үшін қаражат тартуды жеңілдетеді.

Туризм саласындағы мемлекеттік қолдау шараларына қатысты кәсіпкер Құралай Ізтілеуованың өтініші қаралды. Ол Маңғыстау облысының туризм басқармасы кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеуден бас тарту мәселесімен Кәсіпкерлер палатасына жүгінді. Маңғыстау облысы туризм басқармасының туризмді ілгерілету және дамыту бөлімінің басшысы Гүлсім Жариева туризм саласын мемлекеттік қолдау қағидаларына енгізілетін өзгерістерге байланысты бұл бас тартуға түсініктеме берді. Сондай-ақ, туризм басқармасының сайтында мемлекеттік қолдаудың іске асырылып жатқан шаралары, талап етілетін құжаттама, сондай-ақ өтінім беру тетіктері туралы ақпарат алуға болатынын хабарлады.

«Турист» ЖШС директоры Евгения Слюсарева кәсіпкерлік объектісінің жанында дәретхана орнатылды деген мәселені көтерді. Бірақ олар жабық, өйткені оларды кәсіпкерге берудің заңды нысаны жоқ. Салалық кеңестің төрағасы кәсіпкерлер палатасына жазбаша өтініш жіберуді ұсынды.

Барлық мәселе Кәсіпкерлер палатасының кеңесінде талқыланып, жергілікті әкімдікке ұсыныс ретінде жіберілмек.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему