Волейбол турнирі өрт сөндіруші-құтқарушылар  арасында ең үздік спортшыларды анықтады
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 16:50
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Волейбол турнирі өрт сөндіруші-құтқарушылар арасында ең үздік спортшыларды анықтады

21 Октября 2016 (17:17) | 2953 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

         Жақында, Ақтауда өрт сөндіру бөлімдері арасында Қазақстанның құтқарушылар күніне арналған және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай волейболдан облыстық турнир болып өтті.

         Бұл туралы біздің басылым редакциясына Маңғыстау облысы ТЖ департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» мемлекеттік тіл және ақпарат тобының жетекшісі Рукья Сычева хабарлады.

«Динамо» спорт кешенінде Маңғыстау облысы ТЖ департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің құрама командалары жеңіс үшін күресті. 

         Жарыс нәтижесі бойынша, жеңіс мықтыларға бұйырды: бірінші орында – Жаңаөзен қаласы № 13 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командасы, екінші орынға – Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары» қызметінің тобы орналасты, ал үшінші орынды - Шетпе ауылы № 3 өрт сөндіру бөлімінің командасы иеленді.  

         Спорттық тартысқа 12 команда қатысты. Жарыс олимпиадалық жүйе бойынша өтті. Ойын қызықты әрі тартымды өтті, спортшылар мен жанкүйерлердің толғаныс сезімдері анық байқалды.

         Өрт сөндіру қызметінің бастығы азаматтық қорғау майоры Мауленов Ерланның айтуынша, «Турнирдің мақсаты - өрт сөндірушілердің дене шынықтыру дайындығын қалыпта ұстау және жетілдіру болып табылады». 

– Волейбол өрт сөндірушілердің бос уақытын түрлендіруге көмектеседі, ал командалық спорт түрлері ұжымда өзара түсінушілік қабілетін жақсартады – деп атап өтті Ерлан Әмірұлы.

Қатысушылардың спорттық шеберлігін жоғары лига төрешісі, волейбол бойынша мүгедектер спортының тренері Нуралы Кулушев бағалады. 

         Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздарға құнды сыйлықтар, дипломдар, кубоктар тапсырылды», - делінген хабарламада.  

        

 

 

 Фото автора

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему