19 қазан - ТЖ қызметінің құрылған күні
Курс валют в Актау
на 30/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
30 Апреля, 12:13
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

19 қазан - ТЖ қызметінің құрылған күні

18 Октября 2016 (15:14) | 2081 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті 9 айға есеп берді. Орталық коммуникациялар қызметінің аймақтық алаңында ТЖ Департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Қуанар Бекенұлы Базарбаев пен «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» Мемлекеттік мекемесінің басшысы азаматтық қорғау майоры Ерлан Әмірұлы Мәуленовтың қатысуымен жергілікті БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті.

 

Биыл Маңғыстау облысында 193 төтенше жағдай тіркеліпті. Оның 90 пайызы өртке қатысты болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге көп. Алайда, төтенше жағдай салдарынан болатын адам шығыны азайған. Мысалы: өрт кезіндегі адам қазасы 40 пайызға, суға кету 72 пайызға азайыпты. Бұл жөнінде өзі басшылық етіп отырған саладағы 9 айдың жұмыс қортындысы бойынша есеп берген облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы мәлімдеді.

 

Жыл басынан бері облыс аумағында тіркелген төтенше жағдайдың 90 пайызын өрт оқиғалары құраған. Тілсіз жау жеке тұрғын үй секторы мен көліктерді шарпыған.

 

9 айдың қорытындысы бойынша 15 адам өрттен, 18 адам судан құтқарылып, зардап шеккен 32 адамға медициналық көмек көрсетілген. Бұл өңірлік төтенше жағдайлар қызметінің үйлесімді жұмысының нәтижесі екені анық. Сондай-ақ, биыл төтенше жағдайлардан болған шығын көлемі де айтарлықтай көп емес. Өткен жылы төтенше жағдайлар кезінде 132 миллион теңге шығын келтірілсе, биыл бұл көрсеткіш 18 миллион 40 мың теңге. Бұл көңіл қуантарлық көрсеткіш, - дейді сала мамандары. Басқосу кезінде департамент басшысы саланың алдағы жоспарларымен бөлісіп, аймақтың қысқы маусымға дайындығы туралы айтып өтті.

 

Қуанар Базарбаев – Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы:

- Жылыту маусымына барлық мектептер болсын, денсаулық сақтау нысандары болсын, барлықтары дайын. Қысқы қар жауып, тайғақ болса, бұл жағдайларға мекемелер дайын. Инертті материалдар. құм, тұз деген қажетті материалдардың барлықтары бар. Оның барлығын біз қарап, тексеріп отырмыз.

 

БАҚ өкілдері тарапынан қойылған Төтенше жағдайлар сәтінде облыс тұрғындарын дер кезінде хабардар ету құралдарының дайындығы, саланың материалдық-техникалық жабдықталуы, жергілікті бюджеттен қаржыландырылуы, судан құтқару қызметінің жұмысы, суда шомылу маусымының қорытындылары, құтқарушылар күніне арналған шаралар және өртсөндірушілердің әлеуметтік қамтылуы туралы сан алуан сауалдарға сала басшылары толық әрі тұшымды жауаптар берді.

 

Облыс орталығы – Ақтау қаласында соңғы кезде орын алған ірі өрт оқиғалары туралы сұраққа жауап берген «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» Мемлекеттік мекемесінің басшысы Ерлан Мәуленов:

- Ақтауда қыркүйек айында 12 шағынауданның 23 үйінде орын алған өрт оқиғасы электр жүйесінің қысқа тұйықталуынан болған деп бағалануда. Үй иесі – азамат ұлымен екеуі өрт шыққан кезде үйде болған. Кіре беріс бөлме түтінге толып, пәтердің есігі ашылмай қалған соң әкесі баласымен екеуі балкон арқылы тыста ілулі тұрған салқындатқыш құрылғысына шығып тұруға мәжбүр болған.

Оқиға орнына таяу маңнан өтіп бара жатқан біздің қызметтің бір маманы өртті байқап қалып, өртсөндіру қызметіне жедел қоңырау шалып, өз машинасындағы тросс арқанын алып келіп, әкесі мен баласын сегізінші қабаттан аман-есен жерге түсіріп алған. Бұл жерде құтқарушының өртке бейжай қарамай, қырағылық танытып, өз білімділігімен психологиялық тұрғыда зардап шегушілерге қолдау көрсетіп, дер кезінде сауатты көмек көрсетуінің нәтижесінде адам шығыны болған жоқ.

Сондықтан біз сол құтқарушыны марапатқа ұсыну жөніндегі өзіміздің ұсынысымызды ТЖ Комитетіне жолдадық, - деп мәлімдеді.

 

Тұрғын үй секторында орын алған өрт оқиғаларының басты себебінің бірі адам факторы, салғырттық салдарынан болатынына тоқталған Ерлан Әмірұлы Ақтау қаласының 27 шағынауданының №3 үйінде болған өрт оқиғасы кезінде бір әйелдің қаза болғаны жайлы айта келіп, өрт болған пәтерге келген құтқарушыларға ол пәтерден құтқарылған ер адамның пәтерде менен өзге адам жоқ деп сендіргенін, өрт сөндірілген соң үй ішінен егде жастағы әйел адамның мүрдесі табылғаны жайлы айтып, көршілерінің айтуынша, үй иесі ішімдікке құмар болғаны туралы белгілі болғаны, оқиғаның себептері қазіргі кезде анықталу үстінде екенін мәлімдеп, ішікі істер органымен тергеу амалдары жүргізіліп жатқанынан хабардар етті.

 

Елімізде жыл сайын 19 қазанда ТЖ қызметінің құрылған күні аталып өтеді. Құтқарушылардың кәсіби мерекесі қалай аталып өтілетіні туралы сауалға жауап берген сала басшысы салтанатты шарамен қатар ведомство қызметкерлері арасында түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылатынына тоқталды.

 

Қуанар Бекенұлы құтқарушылардың жауапкершілігі жоғары қызметінің қаншалықты қиын екені туралы айта келіп:

Психологиялық тұрғыдан су астынан тереңде жатқан адамның мәйітін жалғыз өзі көтеріп жағаға алып шығатын судан құтқарушы-сүңгуірдің моралдық жайына үңілудің өзі қандай күрделі десеңізші. Кез-келген құтқарушы өз қызметін адал атқару үстінде өз өмірін қатерге тігіп, зардап шеккен жанды құтқаруға ұмтылады. Сондықтан күн сайын түрлі оқиғалармен бетпе-бет келетін құтқарушылардың қауіпке толы қызметі үлкен ерлікпен пара-пар, - деп атап өтті.

 

Төтенше жағдайлар саласының жергілікті бюджеттен қаржыландырылуы туралы сауалға жауап берген Департамент басшысы: «Маңғыстау облысы еліміздің өзге аймақтарына қарағанда анағұрлым жақсы қамтылады. Мұны мен кезінде Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында басшылық еткен тәжіріибемнен білемін және біздің өлке үшін мақтанышпен айта аламын. Өткен 2015 жылы жергілікті бюджеттен салаға 210 млн. теңге қаржы бөлінсе, биылғы жылы ТЖ саласына 415 млн. теңге қаржы бөлінді. Ол қаржыға біз Жаңаөзен қаласындағы депоға жылу-түтіннен қорғау камерасын жабдықтап, өртсөндіру бөлімдерін күрделі жөндеуден өткізіп, облыс орталығында қоймаға арналған екі ангар құрылысын салуға, №1 өрт сөндіру бөлімінде тұрақтардың күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, барлық арнайы құрал-жабдықтармен қамтылған авариялық құтқару көлігін сатып алдық, ол жол-көлік оқиғалары кезінде өртсөндіру көлігін жұмылдырмай, арнайы құтқару жабдықтары бар көлікті пайдалану мүмкіндігін береді», - деп жауап қатты.

 

Сонымен қатар, баспасөз мәслихатында ТЖ саласында қазір кадр тапшылығы жоқ екені жайлы айтылып, облыс бойынша штатында 918 қызметкер қызмет ететін ведомствоның мамандармен қамтылуы жөнінен мәселенің жоқтығына назар аударылды.

 

Сөз соңында ел қауіпсіздігін күзеткен ержүрек өртсөндірушілер мен құтқарушылар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтап, ел игілігін арттыру жолында атқарған адал қызметтерінің жемісін көріп, халықтың алғысына бөленуіне тілек қосамыз.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему