Маңғыстау облысында төтенше жағдайлар туындау кезінде құтқару іс-әрекеттерін жүргізу үшін субъектілерді аттестаттау жұмыстары өтті
18 Октября 2016 (11:47) | 2065 | Автор: Нурганым Имашева
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі «Мемлекеттік қызметтерді ң реестрін бекіту туралы» №983 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аймақтық бөлімшелері төтенше жағдайлар туындау кезінде құтқару іс-әрекеттерін жүргізу үшін субъектілерді аттестаттау жұмыстарын өткізеді.
«Осыған орай, ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің аттестаттық комиссиясымен физикалық дайындық бойынша сынақ алынды, теориялық білімдері және алғашқы медициналық көмек көрсету жұмыстары тексерілді, сондай-ақ, авариялық-құтқару қызметкерлерінен психологиялық тест алынды.
Аттестаттау қорытындысы бойынша газдан құтқару жұмыстарын жүргізуге куәлік «Fire Protection ltd» ЖШС, «Центроспас» ЖШС, «ҚазМұнайТеңіз» МұнайТеңіз Компаниясының Ақтау қаласындағы филиалы ЖШС, «Жалын «Өрт Сөндіруші» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілді. Барлығы 51 адам құтқарушы мәртебесін алды», - деп хабарлайды Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему