Отандық өніммен қамтуда
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 14:10
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Отандық өніммен қамтуда

17 Октября 2016 (16:54) | 2072 | Автор: Нурганым Имашева

 

Кейінгі жылдары мемлекет ауыл шаруашылығына қомақты қаржы бөліп, ауыл инфрақұрылымын дамыту жұмыстарын қолға алуда.

 

Осы орайда кәсіпкер азаматтардың да ауылдың өсіп-өркендеуіне қосып жатқан үлестері зор. Сондай жанның бірі - Маңғыстау ауданының орталығы саналатын Шетпе кентінде мал сою пунктін алғашқылардың бірі болып ашып, кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкер, «Қинах-Шопан» ЖШС директоры Бекайдар Капашов.

 

Кәсібі арқылы жұртшылықтың алғысына бөленіп жүрген кәсіпкер бүгінде ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен де қамтып отыр.

 

Бекайдар Әділұлы - 2007 жылдары көршілес мемлекеттерден ет әкеліп, сатумен айналысқан. Еңбекке ебі бар азамат уақыт өте келе өзі тұратын Маңғыстау ауданының орталығынан жеке мал сою пунктін ашуды жоспарлап, аудан әкіміне барып жоспарымен бөліседі.

 

Жобасы аудан әкімінен қолдау тауып, Шетпеден бес жылға сенімділік басқаруға ғимарат беріледі. Есік-терезесі қирап, әбден тозығы жеткен ескі ғимаратты толықтай жөндеуден өткізіп, мал сою пункітіне қажетті құрал-жабдықтар сатып алады.

 

- Кәсібімді ашуға және ғимаратты толықтай жөндеуден өткізіп, су көзін, электр желілерін тарту үшін 6 миллионнан астам қаржымды жұмсадым.

Сәтін салып, мал сою пунктім өткен жылы жұмысын бастады. Мал сою пункті ашылғаннан кейін жеке шаруа қожалығының адамдары келіп, ет өткізгісі келетіндіктерін айтты.

Мұнайшыларға жергілікті өзіміздің етімізді өткізейік, әйтпесе, табыс табу қиындап кетті деген ұсыныстарын жеткізді. Барлығымыз ақылдаса келе, облыс әкімінің атына хат жазып, қолдау көрсетуін сұрадық. Жергілікті билік бізді қолдады.

Жұмысымызды жүріп кетуіне екінші көмектескен адам Нұрпейіс Сәрсенбай есімді азамат болатын. Сол жылы уақытылы ет тапсырып, мұнайшылардың да, басшылықтың да ризашылығын алдық. Арнайы «Алғыс хатпен» марапатталдық.

Бұрын мұнай компаниялары тоңазытылған етті шет елден сатып алып, пайдаланатын. Сондықтан да мұнайшылар сапалы ет жеп, жергілікті өніммен қамтамасыз еткен бізге алғыстарын айтты, - дейді «Қинах-Шопан» ЖШС директоры Бекайдар Капашов.

 

 

Өлкедегі ірі өндіріс орындарының бірі - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мекемесі және «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ басшылары аймақтағы отандық тауар өндірушілермен жергілікті өнімдерді ұлғайту мәселелері бойынша әріптестік меморандумға қол қойған болатын.

 

Осылайша, екіжақты келісім бойынша жылына мұнай компаниясына облыстағы шаруа қожалықтарынан 200 тонна ет жеткізілу белгіленген еді. Бұл игі шараны жүзеге асыру «Қинах-Шопан» ЖШС-на тапсырылған болатын.

 

Облыстағы төрт түлік малды баптап өсіретін шаруа қожалықтары үшін қолға алынған игі бастама өз жемісін бере бастады. Өткен жылдың өзінде «Қинах-Шопан» ЖШС «қара алтын» өңдеушілерге 120 тонна ет тапсырып, тиісті қаражаттарын алған. Биылғы жоспар - 107 тонна ет тапсыру.

 

- Бүгінгі таңда тапсырыстың 60 %-ын орындадық. Өткен жылы келісім бойынша 75 тонна түйе, 25 тонна жылқы, 20 тонна қой етін тапсырдық.

Ақтаудың базарына келіп бір түйені сойсаң 12 мың теңге алады, ал біз ол үшін ақша алмаймыз. Оны «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ төлеген ақшасынан есептеп отырамын. Бұл - шаруа қожалықтар үшін өте пайдалы.

Негізінде соятын малды Маңғыстау ауданынан қабылдаймыз. Кей кездері Таушық, Сайөтес, Бейнеу, Түпқарған аударынан келген шаруа қожалықтарының малдарын қабылдап жатамыз.

Тапсырыс алғаннан кейін уақытылы жеткізгім келеді. Кей кездері жауын-шашын болған уақытта малдың келмей қалатын қауіпті кездері де болады. Сондықтан да малды бордақылайтын кешен салғымыз келеді. Оны ашу үшін 15 миллион теңгедей қаражат қажет, - дейді кәсіпкер Бекайдар Капашов.

 

Әзірге сегіз адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпкер болашақта кәсібін кеңейткісі келеді. Тұрмысына тірек тапқан шаруа бір орында тоқтап қалмай, ұлттық тағамдарымыз қазы-қарта мен жал-жая жасауды қолға алмақшы.

 

Тағы бір жоспары - Ақтаудан, аудан орталығынан ет сататын жеке дүкен ашып, «Маңғыстауда жасалған» маркасымен ұлттық өнімдерімізді сатылымға шығару.

 

- Еуропадан келетін арзан ет көп болғанымен, оның сапасы нашар. Сондықтан да шаруа қожалықтарының жұмысын алға бастырып, халықты жергілікті өнімдермен қамтамасыз еткім келеді.

Өзім 10 жыл қой бақтым, малдың жайын бір адамдай білетін жанмын.  Жұбайым жылқышының қызы, қазы айналдырып, бие сауып, қымыз ашытып біледі. Сондықтан дүкен сөрелерін өзіміздің ұлттық тағамдарымызбен толтырғым келеді.

Алдағы уақытта Шетпеден, облыс орталығы Ақтаудан ет сататын дүкен ашу жоспарымда бар. Ол жерде етті нарықтағы бағадан 100 теңге төмен сатпақшымын. Мұның өзі тұрғындар үшін көмек болар еді, - дейді алдағы жоспарларымен бөліскен кәсіпкер.

 

 

Жемісті еңбегімен еленген кәсіпкер отбасының да ұйытқысы. Жұбайы Шашумен 1991 жылы отбасын құрған. Бүгінде Айдана, Гүлдана, Бекдос, Ердос есімді ұл мен қызды тәрбиелеп отырған отбасы. Үлкен ұлы Бекдос - болашақ мал дәрігері (ветеринар), бүгінде Алматыдағы Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде білім алады.

 

- Бір қынжылтатыны - ауылда мал дәрігерлікті бітірген жас маман жоқ. Қазір менің қарамағымда екі мал дәрігері, төрт қасапшы, екі ішек-қарын тазалайтын адамдарым бар.

Мал дәрігерлерім - зейнетке шыққан мамандар. Бірақ, өз жұмысын білетін, мықты жандар. Сондықтан да осы саладағы олқылықтың аз да болса орнын толтырайын деген ниетпен үлкен ұлымды мал дәрігерілікке оқуға жібердім.

Жалпы, өзім малдың жайын жақсы білетін жанмын. Әкем Әділ 40 жыл ауыл шаруашылық саласында жұмыс жасады, зейнетке шықса да, әлі қолындағы кенже ұлына көмектесіп, мал бағып жүр.

Отбасымызбен ауыл шаруашылық саласының өркендеуіне үлес қосып, ұлттық өнімдерімізбен тұрғындарды қуантқымыз келеді, - дейді Бекайдар Капашов.

 

Айта кету керек, Елбасы Н.Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан халқын патриот болып, тек отандық өнімдерді тұтынуға шақырған еді.

 

Сондай-ақ Мемлекет басшысы отандық өнімдер басқа импорттық тауарлардың тасасында қалмауын қадағалауды жауапты мамандарға жүктеп, еліміздегі кәсіпкерлерге қолдау көрсетуді тапсырған болатын.

 

Сондықтан да жергілікті шаруа қожалықтарын қолдап, олардың жұмысының алға басуына жағдай туғызып отырған өлкедегі мұнай мекемелерінің де үлесі зор.

 

Жалпы, бүгінде аймақта 1280 шаруа қожалығы бар. Оның ішінде Маңғыстау ауданы бойынша 397 шаруа қожалығы есепке алынған, мал шаруашылығымен айналысатыны - 377. 

 

Фото Таланта Кусайын

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему