Маңғыстаулық арулар білімдерін толықтырды
Курс валют в Актау
на 25/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
25 Ноября, 23:41
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық арулар білімдерін толықтырды

28 Сентября 2016 (16:10) | 1760 | Автор: Нурганым Имашева

 

Маңғыстау облыстық кәсіподақтар орталығында өңірдің нәзікжандыларына арналған семинар-тренинг өтті. «Маңғыстау облысындағы кәсіподақ қызметін жаңғырту аясында гендерлік саясатты дамыту» тақырыбында өткен тренингті ҚР Президенті жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссияның мүшесі, «Жариа» әйелдер ассоциациясының директоры, гендірлік теңдік және әйел құқықтарының сарапшысы Гүлзи Нәби жүргізіп, тәжірибиесімен бөлісті.

 

Тренингке қатысушы маңғыстаулық қыз-келіншектер гендрлік теңдік, еліміздегі гендрлік саясат, әйел адамдардың құқықтары, қоғамдағы белсенділікті арттыру бағыттарында толыққанды ақпарат алып ғана қоймай, ойындарға қатысты. Ауызбіршілікте тапсырмалар орындап, өздерін мемлекетке аса қажетті, саяси тұлға ретінде сезінуге мүмкіндік алды.Аталмыш курс үкіметтік емес ұйым мүшелері, денсаулық сақтау, білім салаларындағы кәсіподақ қызметкерлерінің арасында өтті.

 

- Бүгінгі тренингтен көптеген мағұлматтарға қанық болдым. Білімімді толықтырып, шеберлігімді арттырғаным үшін өте қуаныштымын. Жалпы әйелдердің қоғамдағы рөлі, белсенділігі, кәсіподақ саласында жұмыс жасап жүрген нәзікжандыларда қандай өзекті мәселелер бар деген сауалдарға толыққанды ақпарат алдым.

Тек лекция тыңдап ғана қоймай, қызықты ойындарға қатысып, серпіліп қалдық. Гүлзи ханым жапондық ғалымдардың да тәжірибиесін мысалға алып, бізге күніне көңілді он ән айтсаң, күйзелістен арылып, өмірге құлшынысын артып, шаршау дегеннін не екенін білмейсің деген тамаша ақпаратпен бөлісті.

Күніне көңілді ән айтқан тек көңілді көтеріп ғана қоймай, түрлі аурулардың алдын алатынын да айтты. Мен үшін бұл қызықты ақпарат. Енді мен көңілді ән салуды күнделікті дағдыға айналдырамын... Осындай шараны ұйымдастырған облыстық кәсіподақтар орталығына алғыс айтамын, - дейді «Қазақстан салалық Білім және ғылым қызметкерлерінің Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігінің маманы Асылтас Аманиязова.

Шара соңында тренингке қатысушыларға алғысын білдірген облыстық кәсіподақтар орталығының басшысы Қайрат Жанабеков сертификаттар табыстады.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему