Тіркеу рәсімі жеңілдетілді
Курс валют в Актау
на 26/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
26 Ноября, 20:18
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Тіркеу рәсімі жеңілдетілді

28 Сентября 2016 (15:45) | 2065 | Автор: Нурганым Имашева

 

Енді автокөлікті иесінің тұрғылықты жеріне қарамастан тіркеуге болады ІІМ Әкімшілік полиция комитеті автомобильдерді тіркеу рәсімін елеулі жеңілдетті. 2016 жылғы 26 қыркүйектен бастап еліміздің аумағында көлік құралдарын мемлекеттік тіркеудің эксаумақтық қағидаты енгізілді.

 

«Кез келген мамандандырылған ХҚКО-да немесе әкімшілік полицияның облыстық тіркеу пунктінде кез келген өңірдің көлігін иесінің тіркелген жеріне қарамастан тіркеуге болады, - деп атап өтті ІІМ ӘПК төрағасы Игорь Лепеха. - Мұндай тіркеу Қазақстан Республикасында тұрақты тіркелген жеке және заңды тұлғаларға қолжетімді болады».

 

- Осылайша, егер сіздер, мысалы, Атырау облысында тіркелген болсаңыз, бірақ машинаны Ақтау қаласында сатып алсаңыз, сізге транзиттік нөмір ресімдеу қажеттігі болмайды, өйткені сіз оны сол мезетте Маңғыстау облысы аймағында рәсімдей аласыз. Бұл бір жерде тіркелген, екінші жерде жұмыс істейтін адамдар үшін ыңғайлы; машина сатып алып, оны тіркеу үшін тұрақты тұратын жеріне қайтып келу қажет болмайды.

ІІМ халыққа тіркеу-емтихан бөліністерінде қызмет көрсету үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша шаралар кешенін қабылдап жатқанын атап өткен жөн.

Сонымен, бұрын автокөлікті тіркеу рәсімі жеңілдетілген: көлікті тіркеу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесінен заңды тұлғаның жарғысы алып тасталды, көлік құралын тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру (жоғалтқан, бүлдірген) кезінде көлік құралын қарап тексерудің күші жойылды. Сондай-ақ жүргізуші куәлігін берудің эксаумақтық қағидаты енгізілген: әрбір азамат, оның тіркелген жеріне қарамастан, кез келген өңірдің Мамандандырылған ХҚКО-да жүргізуші куәлігін ала алады, А, А1,В, В1 санаттарындағы (кіші санаттарындағы) жүргізуші куәлігін алу кезінде автомектептерде міндетті түрде оқудың күші жойылды, - делінген Маңғыстау облысы ІІД Әкімшілік полиция басқармасынан жолданған хабарламада.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему