Өзекті мәселе бойынша басқосты
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 09:20
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Өзекті мәселе бойынша басқосты

5 Сентября 2016 (13:11) | 1331 | Автор: Нурганым Имашева

 

Жуырда «Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру бойынша «Азаматтық бақылау» жобасы аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы әдеп жөніндегі уәкілдердің рөлі» тақырыбында семинар ұйымдастырды.

 

Әдеп жөніндегі уәкілдің мемлекеттік қызметте қызметтік этика ережелерін сақтауы мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша негізгі функцияларын түсіндіруді мақсат тұтқан аталмыш шара облыстың аудан-қалаларының мемлекеттік қызметшілеріне арналып өткізілді.

 

Айта кету керек, Елбасының 2015 жылғы 29 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес Әдеп жөніндегі уәкіл туралы Ереже қабылданды. Ережеде мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика ережелерін қолдануы және уәкілдің негізгі қызметінің функцияларын талқылау мәселелері қарастырылған.

 

Семинар-кеңесте Әдеп жөніндегі уәкілеттілердің негізгі қызметін талқылау және белсенді конструктивті диалог орнату, қызметтік этика ережелерін сақтау және мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланып, мемлекеттік қызметшілердің «Этика кодексі» ережелерін қолдануы бойынша кеңес берілді.

 

 

- Әдеп жөніндегі уәкілдің лауазымы биыл ғана тағайындалып отыр. Бүгінгі семинар-кеңеске қатысушының әрбіріне Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралы айту, жас қызметкерлерге мемлекеттік қызметте қызметтік этика ережелерін сақтауы мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша негізгі функцияларын түсіндіру өте маңызды.

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика ережелерін қолдануы, қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуда Әдеп жөніндегі уәкілдің негізгі қызметін ұйымдастыру және белсенді сұхбат құру маңызды.

Осы орайда бүгінгі шараның ролі ерекше. Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілерге қатаң талаптар қойылуда. Сондықтан жас мемлекеттік қызметшілерге Әдеп жөніндегі уәкілдің көмегі өте қажет, оларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жолдарын көрсету қажет.

Семинарда облыста Әдеп жөніндегі уәкілдің біреу ғана болуы - аздық ететіні жайлы айтылып, әрбір аудан-қалада осындай маманның болуы тиімді делінген пікірлер мен ұсыныстар берілді. Біз де өз тарапымыздан тиісті орындарға ұсыныстарымызды енгіземіз.- деді «Маңғыстау облыстық Азаматтық альянсы» ЗТБ президенті Ахметова Жібек.

 

Семинарда Әдеп жөніндегі Кеңестің мүшелері, аудандық және облыстық деңгейдегі мемлекеттік органдардың кадр қызметі қызметшілері, облыстық басқарма және Департаменттің кадр қызметі бойынша бас мамандары, қызметкерлері басқосты.

 

«Әдеп жөніндегі уәкілдің негізі функциялары және оның қызметін ұйымдастыру» туралы семинарға қатысушыларға Маңғыстау облысы әкімі аппаратының кадр бөлімінің басшысы Исмагулова Феруза Жеткербайқызы түсіндірді.

 

«Халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтудағы кодекстің және әдеп жөніндегі уәкілдің ролі» тақырыбына «Жастар Жетістіктері» қоғамдық қорының директоры, Маңғыстау облыстық мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының лекторы Маханбетова Жақсыгүл Шахзадақызы ой толғады.

 

«Заманауи сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің бас маман-заңгері Сванбаева Ақмарал Бегенқызы баяндама жасады.

 

Қатысушылар тарапынан уәкілдің қызметі туралы аудан-қалаларда ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу және мемлекеттік қызметті бағалау бағытында жүргізілетін жұмыстар туралы сұрақтар қойылды. Қатысушылардың сауалдарына Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі Кеңестің хатшысы Мендалиев Ерлеген Жәрдемұлы толықтай жауап берді және болашақта жүргізілетін жұмыстарға тоқталды.

 

Семинар соңында қатысушыларға сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша ұсталып, темір торға тоғытылғандардың «жан айқайын», өкінішін суреттеген бейнефильм көрсетілді.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему