Құтқарушылар «Полиглот» байқауында сайысты
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 13:26
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Құтқарушылар «Полиглот» байқауында сайысты

4 Сентября 2016 (16:31) | 2338 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Жуырда Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде «Полиглот» байқауы өтті. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгергенін көрсете білу, тілдік қорды  әртүрлі жағдайларда ұтымды пайдалану, жазбаша және ауызша түрде сынақтан өту және өз өнерлерін таныстыру - мұның бәрі байқауға қатысушыларға қойылған талаптар мен тапсырмалар тізімі болатын.

 

.           «Көп тілді білу – бір құлыпқа бірнеше кілтіңнің бар екендігін білдіреді» - деген екен Вольтер. Сол айтқандай, бүгінде әлеуметтік-экономикалық, саяси-қоғамдық өзгерістер белең алған шақта жан-жақты білікті мамандар қажеттігі күн санап көбеюде. Қазіргі заман адамы  өзгелердің  мәдениеті мен тілдерін тез қабылдай білетін жан-жақты тұлға болуы шарт. «Полиглот» байқауының негізгі шарты да осы көп тілді жетік меңгеруге ынталандыру болып табылды.

 

Байқау екі кезеңнен тұрды. Біріншісі -  іріктеу кезеңі, бұл кезеңге қатысу үшін байқауға қатысушы үш тілді жетік меңгерген болуы тиіс деген талап қойылды.

 

Байқаудың алғашқы тапсырмасы «Таныстыру»  деп аталаы, бұл тапсырмада сайыскерлер өздерін үш тілде таныстырды. Екінші тапсырма - «Аудармашы» деп аталғандықтан, бұл тапсырманы байқауға қатысушылар ауызша түрде орындады. Әділ әрі білікті қазылар мүшелері бұл тапсырманы орындауда байқсайысқа қатысушылардың қазақ, орыс және ағылшын тілін білу деңгейін бағалай алды.

 

«Терминдер»  атты үшінші тапсырма бойынша қатысушылар жазбаша түрде берілген термин сөздердің қазақ және ағылшын тіліндегі аудармаларын жазып берді. Бұл тапсырмада сайыскерлердің сауатты жазуы сынға түсті.

 

Соңғы тапсырма бойынша байқауға қатысушылар көпшілікке өздерінің өнерлерін ұсынды. Қызу сайыста бірінші орынды – Ниязова Наргиз, екінші орынды – Сағындықұлы Әділет және үшінші орынды –  Ізмағанбетов Аслан иеленді.  

 

            Байқау сыншылары, қазылар алқасының алдында сайыскерлердің лингвистикалық сәттіліктерін,  әрбір қателіктерін анықтау және олар үшін баллдарын кемітуді әділ, алалықсыз және кәсіби бағалау міндеті тұрды. Мұнда нағыз тәжірибелі мамандардың тобы қажет болатын. Аталған байқаудың қазылары осындай талаптарға сай келіп, әділ болды.

 

            Сайыстың қорытыныдысы бойынша Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Камалов Рамиль Фаткулович байқауға қатысушыларды дипломдармен және сыйлықтармен марапаттады.

 

Сайыстың екінші, республикалық кезеңі ағымдағы жылдың қазан айының басында Өскемен қаласында өткізіледі. Бұл кезеңге бүгінгі жеңімпаз жолдама алды. Сәттілік  тілейміз!

 Фото автора

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему