Аймақтағы білім ордалары жаңа оқу жылына дайын
30 Августа 2016 (19:56) | 1790 | Автор: Нурганым Имашева
Бұл туралы аймақтық білім басқармасының басшысы Зейнеп Тастемірова Орталық коммуникациялар қызметі Маңғыстау облыстық филиалы алаңында өткен арнайы баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді.
Биыл өңірде оқушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 5 мыңға артты. Жаңа оқу жылында 118 мың бала мектепке барады. Оқушылардың қауіпсіздігі үшін облыстағы барлық мектептерге бейне бақылау камералары орнатылған.
Ұстаздар мен шәкірттері ғана емес ата-аналар үшін де жаңа оқу жылы жаңалыққа толы болмақ. Енді 1-ші сыныпқа баратын оқушылар жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасы бойынша аптаның 5 күні ғана оқиды. Алайда оқу жылы мамырдың 30-ына дейін жалғасады. Сондай-ақ, бұл жылғы көпті алаңдатқан өзекті мәселенің бірі - оқушылардың мектеп формасы болатын. Осыған орай тілшілер тарапынан қойылған сауалдарға облыстың бас ұстазы: «Ата-аналардың балаларына киім үлгісін өздері таңдауға құқысы бар», - деді.
ЗейнепТастемірова - Маңғыстау облыстық білім басқармасы басшысы:
- «ҚР «Білім туралы» заңына сәйкес мектеп әкімшілігі ата-аналармен бірге таңдаған бірыңғай оқу формасына рұқсат береді. Білім оордалары оқушыларға форманы күштеп алғыза алмайды. Әрбір білім беру ұйымы мектеп формасын енгізу мерзімін белгілеуге құқылы.
Бірыңғай үлгідегі мектеп формасын ендірудегі басты мақсат – оқушылар арасында әлеуметтік, мүліктік, басқа да өзгешеліктерді жою. Талаптар министрліктің бұйрығымен бекітілген. Аталған құжатта мектеп формасының классикалық үлгіде болуы керектігі туралы айтылған.
Мектеп формасының түсін, стилін, қыздардың белдемшелерінің ұзындығын білімберуұйымытаңдайды. Әріқарай, жалпы ата-аналаржиналысыныңхаттамасыменқоғамдықкеңесте бекітіледі.
Мен12-шағынаудандағы «Мечта» сауда орталығынанғанамектепформасынсатыпалу керек дегенпікірлерді естіпжатырмын.Ата-аналар дайынкиім үлгісін отандықөндірушілердентаңдай алады немесебекіткенүлгігесәйкес кез-келгентігіншеберханасындатіктіре алады.
Жаңа оқу жылында аймақта екі жаңа мектеп іске қосылады. Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында 120 орындық жатақханасымен 550 орындық мектеп-интернат және Бейнеу ауданы Бейнеу селосында 900 орындық оқу ордасы шәкірттерін қабылдайтын болады.
Оқушылардыжаңа оқу жылына дайындауда «Мектепке жол» акциясының көмегі зор екеніне тоқталған басшы бұл шараның уақыты ұзартылмақ деп атап өтті. Сөйтіп, ата-ана қамқорлығынсыз қалған және тұрмысы төмен отбасы балаларын әлеуметтік қолдау мерзімі жалғаса түседі. Бұл акция тамыз айында басталған болатын.
- «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы қазан айының орта тұсына дейін жалғасады. Акцияның басты мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептермен мектептен қалып қоятын балаларға көмек көрсету.
Бүгінгі таңда 3000-ға жуық баланы қамтыдық. Бұл әлі аз. Әрбір аудан, қалада осы бағытта жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Бұл бағытта барлық адамдар, қалталы азаматтар, меценаттар немесе кез-келген адам өздерінің мүмкіндігіне қарап, көмек қолын созатын болса, біз оған ешқандай шектеу қойып жатқан жоқпыз. Бұл акция әлі жалғасын табады,- дейді З.Тастемірова.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему