Мұнайлы ауданының тұрғындары арасында жіті ішек инфекциясынан сақтандыру шарасы өтті
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 03:12
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мұнайлы ауданының тұрғындары арасында жіті ішек инфекциясынан сақтандыру шарасы өтті

5 Августа 2016 (14:01) | 3230 | Автор: Нурганым Имашева

 

Жуырда «Жастар жетістіктері» қоғамдық қоры Мұнайлы ауданының Қызылтөбе, Атамекен елді мекендерінде жіті ішек инфекциясының алдын алу бойынша тұрғындарды ақпараттандыру шарасын ұйымдастырды.

 

Жаз айларында өрши түсетін жіті ішек инфекцияларының таралуының алдын алуға бағытталған нысаналы топ арасында түсіндіру жұмыстарын аталмыш қоғамдық қордың мамандары аудандағы Қызылтөбе ауылының Бастапқы медциналық көмек көрсету мекемесінің қабырғасында бастады.

 

Ақпараттық науқан Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары облыстық орталығы» коммуналдық-қазыналық кәсіпорынының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырылған шаралардың қатарында ұйымдастырылды.

 

Жергілікті тұрғындар күнделікті көп келіп-кетіп жататын ауылдық емханада сол күні жиналған халықтың қарасы біраз екен. Дәрігерлерге қаралуға келген «Қызыл төбе» елді мекенінің тұрғындары ұйымшылдық танытып, өздеріне арналған шараға қызығушылықпен атсалысты.

 

«Жастар жетістіктері» қоғамдық қорының жетекшісі Жақсыгүл Маханбетова тұрғындарға жаз мезгіліне байланысты жиі орын алатын жұқпалы ішек ауруларының туындау себептері жайлы сауал тастап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шараға қатысушы ересектер мен балаларды белсенді қатыстыра отырып, лас қолдар мен жуылмаған жеміс-жидектерден болатын жіті ішек аурулардың туындайтын себептеріне назар аударды. Балаларды ортаға шығару арқылы қолды қалай таза жуудың әдіс-тәсілдерін еске салу арқылы, жуылған қолды тазалықты сақтау мақсатында қағаз сүлгімен сүртудің дұрыс және тиімді екенін әрі гигиена талаптарына сай келетінін түсіндіріп өтті.

 

- Әрбір адамның денінің сау болуы – ең алдымен әркімнің өзіне тікелей байланысты. Гигиена талаптарын сақтап, жеке басын таза ұстауға тырысатын адам ғана аурудан ада болмақ,сондықтан «Ауырып, ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген абзал». Өздеріңізді өзіңіз күтпесеңіз, дәрігерлер сіздерге бұл жағдайда көмектесе алмайды,- деді қызылтөбелік тұрғындарға арнаған сөзінде Қор жетекші Ж.Маханбетова.

 

Шара ұйымдастырушылары Мұнайлы аудандық емханасының жалпы тәжірибелік дәрігері Жақсылықова Жазираны әңгімеге тарту арқылы тазалық сақтау шараларын Қызылтөбе ауылы тұрғындарының есіне салды.

 

Кездесу барысында қоғамдық қордың өкілдері қолды қалай таза жуу және күнделікті тұтынылатын жеміс-жидектерді қалай мұқият жуу тәсілдерін ауыл адамдарының өздерін белсенді қатыстыру арқылы көрсетіп түсіндірді, балаларда іштің ауруы сырқаты пайда болған кезде аналар тарапынан қандай амалдардың жасалуы қажет екені еске салынды.

 

Кездесу соңында қордың қызметкерлері шараға қатысқан әрбір тұрғынға сұйық сабын мен қағаз сүлгілерді сыйға тартты. Қызылтөбе ауылының Бастапқы медциналық көмек көрсету мекемесінің қабырғасында бастау алған бұл сақтандыру, алдын алу шарасы бұдан әрі Қызылтөбе-1 елді мекенінде, түстен кейін Атамекен ауылында және ертеңгі күні Ақтау қаласының 11 шағынауданында орналасқан «Тұлпар» аула клубының жанындағы оқушылардың жазғы лагерінде жалғасын тауып, жас өрендерге де тазалықты сақтау арқылы ғана жіті ішек ауларының алдын алуға болатыны түсіндірілді. Шараға белсене қатысқан балалардың барлығына сый ретінде алма жемісі ұсынылды.

 

Сөз соңында дәрігер-мамандардың тұрғындарға ұсынатын кеңестерін еске салуды жөн санадық.

 

Азық-түліктердің қауіпсіздігін арттырудың бес қағидасы

  • Азық-түлікті ұстаудың, сондай-ақ оны дайындаудың алдында қолыңызды жуыңыз.
  • Дәретхаға барғаннан кейін қолыңызды жуыңыз.
  • Тамақ дайындау кезінде қолданылатын кез-келген жерді және ас үй жабдықтарын мұқият жуыңыз.
  • Азық-түлікті сақтайтын және дайындайтын жерлерде жәндіктер, кеміргіш пен басқа да жануарлардың болуына жол бермеңіз.
  • Шикі етті, құс етін және теңіз өнімдерін басқа азық-түліктерден бөлек ұстаңыз.
  • Шикі азық-түлікке бөлек ас үй құралдарын (пышақ пен тақтайды) қолданыңыз.
  • Шикі мен дайын азық-түліктің араласуына жол бермеу үшін жабық ыдыста сақтаңыз.
  • Азық-түлікті, әсіресе ет, құс еті, жұмыртқа мен теңіз өнімдерін әбден жылумен өңдеңіз.
  • Ыстық тағамды жақсылап қуырып, қайнатуға тырысыңыз. Дайын ет немесе құс етінің сөлінің түсі қызғылт емес, ақшыл болуы керектігін есіңізде сақтаңыз.
  • Дайын тағамды кемінде бес минут әбден жылытыңыз.
  • Дайын тағамды бөлме температурасында екі сағаттан артық қалдырмаңыз.
  • Дайын және тез бұзылатын азық-түліктерді кешіктірмей (5о С төмен температурада) салқындатыңыз.
  • Дайын тағамды ыдысқа салғанша ыстық (60о С жоғары) күйінде сақтаңыз.
  • Тағамды тіпті тоңазытқышта да ұзақ сақтамаңыз.
  • Азық-түлікті бөлме температурасында ерітпеңіз.
  • Таза суды немесе оны тазартып қолданыңыз.
  • Балғын және пайдалы азық-түлікті пайдаланыңыз.
  • Қауіпсіздігін арттыру мақсатында өңделген азық-түлікті, мысалы пастерленген сүтті таңдаңыз.
  • Жеміс пен көкөністі, әсіресе, шикідей тұтыну алдында жуыңыз.
  • Пайдалану мерзімі аяқталған азық-түлікті қолданбаңыз.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
айманка, 5 Августа 2016 (17:13)
0 0
Жақсыгуль апа мен Салауатты орталығы жарайсыңдар! қол жуу да өнер көпшілікке
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему