Ақтау және Жаңаөзен қалаларында «Қауіпсіз аула» жобасы бойынша 139 бейне-бақылау камерасы орнатылмақ
30 Августа 2016 (19:48) | 3873 |
Автор: Нурганым Имашева
Амангелді Халмұрадов, Маңғыстау облыстық Жергілікті полиция қызметінің басшысы:
- Құқықтық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, халықтың және жергілікті әкімдіктердің қолдауымен Ақтау және Жаңаөзен қалаларында «Қауіпсіз аула» бағдарламасының жобасы жүзеге асырылуда.
Осы бағыттағы жергілікті бюджеттен 53 млн. 804 мың теңге бөлініп, «Қауіпсіз аула» бағдарламасы жоғарыда көрсетілген екі қалада 13 аулаға (Ақтау қаласында: 2 және 27 ш/аудандарда барлығы 32 үй 12 аула және Жаңаөзеннің «Көктем» шағын ауданында 2 үй 1-аулаға),шамамен 139 бейне-бақылау камерасы орнатылмақ, қазіргі уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жүргізілуде.
Ақтау және Жаңаөзен қалаларындағы жедел басқару орталықтарындағы бейнебақылау камераларының көмегімен ағымдағы жылдың 6 айында 116 қылмыс, 15 мың 139 әкімшілік құқықбұзушылық деректері анықталды (Өткен жылы 95 қылмыс 12380 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған).
Бейнебақылау көмегімен анықталған қылмыс саны өткен жылмен салыстырғанда 23%-ға, әкімшілік құқық бұзушылық 22%-ға артты. Бейне-бақылау қондырғыларының қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алуда тиімділігі дәлелденіп отыр,-дейді.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему