Ақтау қаласының №2 сотында «Атқару жазбасын жасау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді
22 Августа 2016 (10:27) | 2918 |
Автор: Нурганым Имашева
Ақтау қаласының №2 сотында Маңғыстау облыстық сотының судьясы Г.М.Имангалиеваның, Ақтау қаласының №2 сотының төрағасы Қ.Ж.Рыскалиеваның, осы соттың судьяларының, «Маңғыстау облысының аумақтық нотариалдық палатасы» нотариалдық палатасының төрағасы Р.А.Туребаеваның, Маңғыстау нотариалдық округінің нотариустарының және пәтер иелерінің кооперативінің өкілдерінің қатысуларымен «Атқару жазбасын жасау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар атқару жазбасын жасау жөнінде мәселе қозғады, сонымен бірге, нотариусқа жүгіну тәртібі, шарты, мемлекеттік баж төлеу, атқару жазбасының орындалуы жөнінде мәселе көтерді.
Ақтау қаласының №2 сотының судьясы Д.Б.Кеншимова:
- 2016 жылдың 1-қаңтарында «Нотариат туралы» ҚР-ның Заңына енгізілген өзгерістердің қолданысқа енгізілуіне байланысты «Атқару жазбасын жасау»14-1 тараумен толықтырылды. Нотариустар атқару жазбасын жасау құқығына ие болды.
Атқару жазбасын жасау - бұйрық шығару арқылы іс жүргізудің баламасы болып табылады, дау туындамайтын талаптар бойынша борышкерден мүлкін өндірудің барынша қысқартылуына қарай, бұл сот органдарының жүктемесін азайту қажеттілігімен шарттастырылған, яғни облыстағы дау туындамайтын істер, жеке және жария құқықтық қатынастар жүктемесінен босату болып табылады.
Нотариустардың атқару жазбасы атқару парағының күшімен тең және дау туындатпайтын талаптардың шұғыл және тиімді шешілуін қамтамасыз ете алатын құқықтық маңызды құралы болып табылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар нотариустың атқару жазбасы азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған әрекеттер тәртібін қысқартатынын атап өтті.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему