Ел намысын қорғаған ерлер
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 19:19
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ел намысын қорғаған ерлер

15 Августа 2016 (17:41) | 3576 | Автор: Нурганым Имашева

 

Елімізде тамыз айының үшінші аптасы спорт күні ретінде аталып өтеді. Жалпы, еліміз тәуелсіздік алған жылдан бері қазақ жастары қай спорт түрінен болмасын, байрақты бәсекелерде әнұранымызды асқақтатып, көк туымызды желбіретін жүр.

 

Жеңісті сәттердің артында бапкерлердің ерен еңбегінің жемісі тұрғаны ақиқат. Сондықтан да біз облысымызда спортшыларымызды бабында ұстап, аймақта спорт саласының дамуына үлкен үлес қосып жүрген бірқатар бапкерлерден мерекеге орай арнайы тілектерін жазып алдық.

 

Берік Жұмағалиев-балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жастар» спорт мектебінің Жыңғылдыдағы филиалының бапкері:

 - Биылғы жыл облыс спортшылары үшін табысты басталды деп ойлаймын. Жыл басталғалы облыс спортшылары әр түрлі облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға қатысып, өңір намысын абыроймен қорғады.

Соның ішінде Жыңғылдыдағы спорт интернатының шәкірттерінің 17-сі «спорт шебері үміткер» атағын иеленді. Мұның барлығы - спорт мектебінде дәріс беретін бапкерлердің еңбегі деп білемін.

Сондықтан да әріптестерімді спортшылар мерекесімен құттықтай отыра, отбасыларына бақыт, дендеріне саулық, еңбекте табыс тілеймін. Еліміздің көк байрағын желбіретіп, әнұранын асқақтататын намысты ұл-қыздарымыздың қатары көбейе берсін. Мереке құтты болсын, ағайын!

 

 

Асхат Хапанов, балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жастар» спорт мектебінің бапкері:

- Дана халқымыз: «Ұстаздан шәкірт озса игі» дейді. Жалпы менің жас бапкер болып қалыптасуыма, спорт саласында белгілі бір биік шыңды бағындыруыма зор үлес қосқан Манарбек ағайым болатын.

Сондықтан да бапкеріме еліктеп өскен мен елордамыз Астана қаласынан жоғары оқу орынын бітіріп келгеннен кейін, білек сыбана жұмысқа кірістім. Бүгінде жас жеткіншектерді дзюдо күресінен дайындап, шәкірт тәрбиелеп жүрген жайым бар.

Жыл басында Әзірбайжан астанасы Бакуде дзюдодан өткен халықаралық турнирде 4 шәкіртім топ жарып, елге жеңіспен оралды. 400-ге жуық балуанның арасынан шәкірттерім Нұртілек Атшыбай, Мейрамбек Алдаберген тұғырдың ең жоғарғы сатысына көтеріліп, алтын медальмен апталды.

Сондай-ақ, Төрекен Қобыланов, Жандос Сағынғалиев үшінші орынды олжалап, қола медальді кеудесіне тақты. Бапкерлікке жаңадан қадам басқан ұстаз үшін мұның өзі үлкен жетістік деп есептеймін. Алдағы уақытта да тынбай еңбектеніп, елімнің көк байрағын халықаралық жарыстарда желбірететін боламыз.

Спорт саңлақтарын айтулы мерекемен құттықтаймын. Үміттеріңізді ақтайтын шәкірттеріңіздің қатары көп болсын. Тәуелсіз елімізде спорт саласының дамуына үлес қосып, әрдайым биік белестерді бірге бағындырайық!

 

 

Жомарт Қобланов, балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жастар» спорт мектебінің бапкері:

- Жастайымнан боз кілемге шығып белдесіп, біраз белестерді бағындырдым. Мектепті аяқтаған соң, арман қуып, ару қала Алматыға жол тарттым. Алматыдағы спорт және туризм академиясын тәмамдаған соң, ақмаржан қала Ақтауыма келіп, еңбекке араластым.

Бапкерлікті қолға алып, жинақтаған тәжірибиеммен бөлісіп, шәкірт тәрбиеледім. Бүгінде 15-ке жуық «Спорт шеберіне үміткер» жас балуандарды дайындадым. Соның ішінде самбо күресінен биыл Нұрбек Қуанышұлы-Азия балалар ойынында үшінші орынға ие болып, қола медальді иеленді.

Тағы бір шәкіртім Нұрсұлтан Манарбекұлы Еуропа Кубогының күміс жүлдегері атанған, Қарағанды қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай дзюдодан өткен республикалық турнирде және Степногорск қаласында дзюдодан өткен халықаралық турнирде қос алтынды иеленіп, облыс мерейін өсірді. Мен осындай шәкірттеріммен мақтанамын.

Барлық спортшыларды мерекемен құттықтаймын. Әр шаңыраққа - бейбіт өмір, тыныштық және мол жақсылықтар тілеймін.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему