Якутиядан жеңіспен оралды
13 Июля 2016 (11:44) | 2911 | Автор: Нурганым Имашева
Якутияның Саха қаласында Азия балалар ойындары бастау алды. Алтыншы рет халықаралық деңгейде өтіп жатқан жарыста маңғыстаулық балуан, балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жастар» спорт мектебінің шәкірті Нұрбек Қуанышұлы топ жарып, қола медальді иеленіп, аймақтың абыройын асқақтатты. Төрт жылда бір рет өткізілетін байрақты бәсекеге 45 мемлекеттен «мен мықты» деген 3000-ға жуық спортшылар қатысып, бақтарын сынауда.
- Алтыншы халықаралық Азия балалар ойындары 5-17 шілде аралығында Якутияның Саха қаласында өтуде. Спорттың 22 түрінен ұйымдастырылған жарыста балуанымыз Нұрбек Қуанышұлы самбо күресінен боз кілемге шықты.
55 келі салмақта белдескен ол сириялық, ресейлік, моңғолдық, қырғыздық балуандардан басым түсіп, шешуші сәтте ресейлік балуанға есесін жіберіп, қола медальдің иесі атанды. Мұның өзі - үлкен жетістік,-деді біздің басылымға берген сұхбатында балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жастар» спорт мектебінің бапкері Берік Жұмағалиев.
Балуанның жеке бапкері Жомарт Қоблановтың айтуынша, «15 жасарНұрбек Қуанышұлы үшін биылғы жыл жеңісті сәттермен басталған.
Білекті балуан жыл басында Талдықорған қаласында дзюдодан өткен республикалық жарыста күміс медальді иеленіп, бапкерлер үмітін ақтаған. Сондай-ақ, сәуір айында Талдықорған қаласында самбодан өткен республикалық жарыста алтын медальді еншілеп, жеңіс тұғырынан көрінген
2015 жылы жасөспірімдер арасында ҚР чемпионатының күміс жүлдегері атанған. Сонымен қатар, өткен жылы Бакуде өткен халықаралық жарыста топ жарып, қола жүлденің иесі атанған.
Қазіргі таңда Нұрбек - Алматы қаласындағы республикалық мектеп және колледж оқушыларына арналған спорт интернатында білім алуда.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему