Қызметкерлер құрметке ие болды
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 15:19
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қызметкерлер құрметке ие болды

13 Июня 2016 (13:02) | 2414 | Автор: Нурганым Имашева

 

Кәсіподақ күніне орай Маңғыстау облыстық кәсіподақтар орталығында салтанатты шара өтті. Басқосу Ақтөбедегі лаңкестік құрбандарын еске алған бір минут үнсіздікпен басталды.

            Мерекелік кеште өңірде кәсіподақ қызметін жандандырып, аталмыш саланың дамуына үлес қосып жүрген бірқатар мамандар марапатталды. Сондай-ақ, «Қазақстан кәсіподағы» газетінің «Кәсіподақпен біргеміз!» атты фотобайқауының «Ең жас кәсіподақ» аталымы бойынша Мұнайлыдағы «Бәйтерек» балабақшасы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Жамила Бурхаева және «Ең жігерлі ұран» аталымы бойынша Мұнайлы ауданы, №1 орта мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Зоя Қазақбаева үздік деп танылып, арнайы сыйлықтарға ие болды.

            - Баршаңызды Қазақстан кәсіподақтар күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бүгін Қазақстан кәсіподағына 111 жыл толып отыр. Бір ғасыр бұрын Қарағанды облысында кәсіподақтың алғашқы комитеті құрылған болатын. Бүгінде сол ұйымымыз үлкен алпауыт күшке айналып отыр.

Қазіргі таңда елімізде кәсіподақ ұйымында 2 млн. 200 мың мүше бар. Оның 70 мыңын маңғыстаулықтар құрайды. Кәсіподақ ұйымының басты мақсаты - еңбек адамдарының құқықтары мен мүдделерін қорғай отырып, оларға жағдай жасау. Осы бағытта біз облыста көптеген жұмыстар атқардық. Арнайы семинарлар, кең ауқымда жиындар, біліктілік арттыру курстары өткізілді... Тағы да мерекемен құттықтай отыра отбасыларыңызға береке, еңбектеріңізге табыс, зор денсаулық тілеймін,-деген облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Қайрат Жанабеков бүгінгі таңда облыста кәсіподақтың 657 бастауыш ұйымы белсенді жұмыс жасап жатқандығын атап өтті.

            Салтанатты шарада Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыстық кәсіподақтың ұйымдастырған шараларына белсене қатысқаны үшін «Өзенмұнайгаз» АҚ жергілікті кәсіподағының төрағасы Н. Өзбекұлы, «Қаражанбасмұнай» АҚ жергілікті кәсіподағының төрағасы Т. Жауынбайұлы, «Жаңаөзен мұнай құрылысшылары» жергілікті кәсіподағының төрағасы М. Алибайұлы, білім және ғылым қызметкерлері облыстық кәсіподағының төрайымы Т. Анайбекқызы, «Ойл Транспорт Корпорейшэн» жергілікті кәсіподағының төрағасы М. Бөрібайұлы, «Ойл Сервис Компани» жергілікті кәсіподағының төрағасы А. Бітімбайұлы, Мұнайлы аудандық білім бөлімінің басшысы Е. Овезов, денсаулық сақтау кәсіподақ бастауыш ұйымының төрайымы Б. Исмурзиева, К. Құрманғазиева Алғыс хаттармен марапатталды.

-                     Бүгінгі мерекеде еңбегімізді елеп, арнайы марапаттап жатқан шараны ұйымдастырушыларға алғыс айтамын. Кәсіподақ-біздің тек ғана қамқоршымыз болып ғана қоймай, әр түрлі спорттық байқаулар өткізу арқылы салауатты өмір салтын ұстануға үйретіп, мәдени шаралар, семинарлар ұйымдастыру арқылы білімімізді шыңдап отырады. Жыл санап қатарымыз да көбейіп келеді. Бүгінгі күні біздің бастауыш кәсіподақ ұйымында 58 адам бар, - дейді №22 «Алтын бесік» балабақшасы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Айсұлу Ұлжаева.

            Сондай-ақ, кәсіподақ күні мерекесіне арналған облыстық «Мен және кәсіподақ» сайысының жеңімпазы болып облыстық санаториялық мектеп интернаты мен Маңғыстау гуманитарлық колледжі танылды. Екінші орын Ақтау қаласындағы №54 «Айналайын» және №10 балабақша ұжымына, Мұнайлы ауданындағы №11 орта мектеп ұжымына бұйырды. Үшінші орыннан Ақтау қаласындағы №1 орта мектебі, №36 балабақша ұжымы, Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі көрінді.

 -         Қаламызда мектепке дейінгі мекеме ұйымдары қызметкерлерінің кәсіподағы 1994 жылдың 22 ақпанында құрылды. Бүгінгі таңда 37 бастауыш ұйымымыз және 1800 мүшеміз бар. Кәсіподақ ұйымының беделін көтеру, қызметкерлеріміздің белсенділігін арттыру бағытында көптеген шаралар ұйымдастырамыз. Әр түрлі бағытта сайыс, спорттық жарыстар өткізіліп тұрады... Бүгінгі мерекемен баршаңызды құттықтаймын. Шаңырақтарыңыздан шаттық пен береке кетпесін, - деді Ақтау қаласындағы мектепке дейінгі мекеме ұйымдары қызметкерлерінің кәсіподақ төрайымы Наталья Храмова.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему