Ақтауда өрт сөндірушілер арасында шағын футболдан турнир өтті
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 21:30
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда өрт сөндірушілер арасында шағын футболдан турнир өтті

31 Мая 2016 (15:19) | 2055 | Автор: Нурганым Имашева

 

«26-27 мамыр күндері «Каспий» спорт кешенінде маңғыстаулық өрт сөндірушілер мен құтқарушылар арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған шағын футболдан турнир ұйымдастырылды», - деп хабарлады біздің басылымға ҚР ІІМ ТЖК Маңғыстау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ (Ақтау қаласы)» ММ мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.

 

Ең үздік спорттық команда атағына «Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің 15 командасы күресті.

 

Әрбір команда бес негізгі ойыншыдан және үш қосымша ойыншыдан тұрды. Әрбір ойын 7 минуттан тұратын 2 таймнан ойналды.

 

Ойын барысында №3 өрт сөндіру бөлімшесінің командасы ерекше көзге түсті.

 

Сенімді біріншілікті №3 өрт сөндіру бөлімшесінің командасы жеңіп алды. Жеңіс тұғырының екінші орнына №10 өрт сөндіру бөлімшесінің командасы орналасты.

 

№13 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командасы қола жүлде иесі атанды.

 

Бұдан басқа, турнирдің ең үздік ойыншысы атағын №3 өрт сөндіру бөлімшесінің өрт сөндірушісі Ержан Айтболатов, үздік қақпашы атағын №10 өрт сөндіру бөлімшесі бастығының орынбасары Әлімжан Қалқабеков, үздік қорғаушы атағын №13 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жүргізуші-инструкторы Алтынбек Оразалин иеленді.

 

Үздік шабуылшы атағына №2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы Нұрбол Бөлекбаев лайық деп танылды.

 

Өрт сөндіру қызметінің бастығы Ерлан Мәуленов жарысқа қатысушылардың барлығына алғысын білдіріп, мықты денсаулық пен жаңа жеңістер тіледі.

 

Жеңімпаз командалар мен жүлдегерлер грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему