Ақтауда алғашқы несиелік серіктестігі құрылды
Курс валют в Актау
на 20/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
20 Мая, 01:12
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда алғашқы несиелік серіктестігі құрылды

2 Мая 2016 (09:55) | 4194 | Автор: Нурганым Имашева

 

Бұдан былай Маңғыстау облысындағы ауыл кәсіпкерлері «Маңғыстау» несиелік серіктестігіне» жүгініп, ірі көлемде несие алу мүмкіндігіне ие болды. Бұл аймақтағы бірінші несиелік серіктестігі және шаруа қожалықтарын тікелей несиелеумен айналысатын болады. Бұл туралы «Маңғыстау индустриалдық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігі төрағасының кеңесшісі Нұрбол Оқуов хабарлады.

 

Маңғыстау индустриалдық палатасында өткен кездесуде, шаруа қожалықтарының жетекшілері жаңадан құрылған «Маңғыстау» несиелік серіктестігінің құрылу мақсаты және алда тұрған міндетімен танысты.

 

Несие алуға мүдделі кәсіпкерлер кез-келген сомада несие алуына болады, ол аталмыш серіктестіктің құрамына құрылтайшы ретінде кірген кәсіпкерлердің өздеріне байланысты. Шартқа сәйкес серіктестікте кем-дегенде 20 құрылтайшы болуы тиіс.

 

- Біз сіздерді осы серіктестік қатарына кіруге шақырамыз. Мәселен, кәсіпкер осы серіктестікке 1 млн. теңге салса, ол 10 млн. теңгеге дейін несие алуына болады, яғни салған сомасынан 10 есе көбірек алуына мүмкіндік беріліп отыр. Ал қаражат алуға берген тапсырыс қысқа мерзімде қаралады және көп құжатты қажет етпейді. Яғни өзіңіздің айналым капиталыңызды оңай толтырып және қысқа мерзімде құжат рәсімдегісі келгендерге бұл жақсы мүмкіндік, - деді «Маңғыстау» несиелік серіктестігі» ЖШС директоры Ғалымжан Балтілеу.

 

 

Маңғыстау өңірінде бұрын соңды несиелік серіктестігінің болмағанын ескерген «Маңғыстау» несиелік серіктестігінің басшылығы, тәжірибе алмасу мақсатында «Аграрлық несиелік корпорациясы» АҚ Атырау облысы филиалының директоры Тимур Құталиевті арнайы шақыртқан болатын. Өз кезегінде Тимур Құталиев Маңғыстаулық шаруа қожалықтарының жетекшілеріне «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық», «Ырыс» мемлекеттік бағдарламалары, сонымен қатар құдық қазу мен субсидиялау төңірегінде егжей-тегжейлі айтып берді.

 

 - Атырау облысында 6 несиелік серіктестігі жұмыс жасап тұр, ал Ақтөбе мен Батыс-Қазақстан облыстарында оның саны – 12-ден. Барлығы да ел экономикасының дамуына үлестерін қосып келеді. Оларда айтарлықтай проблема да жоқ. Бүгінде несиелік серіктестікпен жұмыс жасаған тиімді, оның жемісін уақыт өткесін көре жатарсыздар. Менің де айтарым, жаңадан құрылған «Маңғыстау» серіктестігінің қатарына кіріп жұмыстансаңыздар, банктерге тәуелді болмайсыздар, - деді Тимур Құталиев.

 

Басқосуда сөз алған кәсіпкерлер ауыл шаруашылығында кадр мәселесініңі өзекті екендігін айтып өтті. Олардың айтуынша, агрономдар тапшы, сол себепті агроөнеркәсіп кешенін дамытудың бірден-бір жолы, тәжірибелі мамандарды еңбекке тарту.

 

Бұл ретте ауыл шаруашылығы саласына қажет мамандарды даярлау «Жаңа серпін» орталығы қол ұшын созуға дайын екендігі айтылды. Ол үшін кәсіпкер өзіне қажет маманды оқытып беру жөнінде өтініш жасауы тиіс. Іріктеуден соң үшжақты келісім жасақталады, ал жас маман кәсіби қайта даярлау бойынша оқу орнында білімін жетілдіретін болады.

 

 

- Бізге сізден тек өтініш түссе болды. Оқытатын оқу орындары шектелмеген, еліміздің кез-келген өңірінде немесе көрші елдерді де таңдауға болады. Сол себепті әріптестік орнатуға шақырамын, яғни сіздер маман даярлауда шығындалмайсыздар, барлығын мемлекет есебінен біздің орталық арқылы жасау мүмкіндігі қарастылырып отыр, - деді «Жаңа серпін» орталығының директоры Қайрат Рыспаев.

 

Айта кету керек, «Маңғыстау» несиелік серіктестігі Маңғыстау индустриалдық палатасының тікелей қолдауымен құрылып отыр. Барлық мәселелерді бірлесіп қарауға шақырған жаңа серіктестік басшысы, кез-келген уақытта ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге шығару үшін, шаруа қожалықтарын бірігуге шақырды.

 

Ал жиынға қатысқан кәсіпкерлер болса, көкейінде жүрген сұрақтардың барлығына тұшымды жауап алып, «Маңғыстау» несиелік серіктестігі шаруа қожалықтарын толғандырған мәселелердің оң шешімін табуына ықпал ететін алаңға айналатынына сенім білдіріп тарқасты.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
Жадыра, 11 Апреля 2017 (23:48)
0 0
Бул несие серіктестігінің мекен жайы қандай екен.айтып жберіңізші.
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему