Ақтаулық өртсөндірушілер мен жол полициясы арнайы көлікті өткізбейтін жүргізушілерді анықтау бойынша рейд ұйымдастырды
Курс валют в Актау
на 07/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
7 Мая, 18:52
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық өртсөндірушілер мен жол полициясы арнайы көлікті өткізбейтін жүргізушілерді анықтау бойынша рейд ұйымдастырды

24 Апреля 2016 (17:43) | 3741 | Автор: Нурганым Имашева

 

Облыс орталығында өрттен құтқару қызметі және жол полициясының қызметкерлері қала ішінде арнайы қызмет көліктеріне жол бермейтін жүргізушілерді анықтау бойынша бірлескен рейд өткізді.

 

Өрт сөндіру қызметі орналасқан 23 – ші шағын ауданнан басталған рейд барысында арнайы көлік ішінде отырып, тілшілер қауымы біраз жайттың куәсі болдық.

 

Автокөлік жүргізушілерінің арнайы көлікті өткізбеуі сияқты теріс әрекеті өз алдына, сонымен қатар Ақтау қаласы үшін кең таралған құбылыс - жаяу жүргіншілердің жолды кез-келген жерден кесіп өтуі көп байқалды.

 

Жанына жақын келіп қалған, дабылы «жер жарып» келе жатқан ТЖ қызметінің арнайы көлігіне «Тұра тұршы! Мені өткізіп жіберші!» деп қолымен ишарат етіп, алға ұмтылған зейнеткер-әжейдің қылығы таң қалдырды. Арнайы тапсырмамен жүйткіп келе жатқан қызметтік көлікті өткізіп жіберудің орнына әжеміз жол үстінде ағылған көлікпен жағаласып, «Салтанат» дүкенінен қарама-қарсы беттегі базарға асығып бара жатты.

 

 

Қала жолдарымен арнайы көлік ішінде келе жатып, өзге орындарда да осындай келеңсіз жайттарды көп бақыладық. Кейбір жаяу жүргіншілер аса бейқамдық танытып, жол бойында дабыл қағып келе жатқан арнайы көліктерге мән берместен, жаяу жүргіншілерге - жол ашық дегендей, «ақ жолақтың» үстінен өтіп бара жатып, жан-жағына, тіпті қасына жақын келіп қалған дабылы қатты арнайы көліктердң өзін көзіне де ілмеді

 

Осындай біраз жайтты өз көзімізбен көріп отырып, «Апыр-ай, біздің қаланың жаяу жүргіншілерінің жолда жүру мәдениеті қандай төмен еді!» деп қынжылумен болдық.

 

Жол-патрулі қызметінің мамандары өртсөндірушілердің арнайы көлігін өткізбеген автокөлік иелерін тоқтатып, олармен түсіндіру жұмыстарын өткізді.

 

Арнайы рейд болған соң, алғашқы ретте кешіріммен қарап, ескерту жасайтындарын айтып, келесіде қайталанса, бұл тұрғыдағы көзделген жауапкершіліктің салдарын ұғындыруға тырысты.

 

 

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мамандарының мәлімдеуінше, шақырту бойынша асығыс кетіп бара жатқан   арнайы көліктерді жолда өткізбеу мәселесі Ақтау қаласы үшін өзекті болып табылатыны анық. Әрбір шақыртуға шыққан кезде осы мәселенің орын алуы үйреншікті әдетке айналған. Бұл сөздердің шындығына рейдке қатысқан БАҚ өкілдері де куә болды. Апта аяғында ұйымдастырылған рейд барысында арнайы көліктің жүргізушілері

жол үстінде көліктің төбесіндегі жарықты жағумен қатар, дыбыстық дабылды да қосып қозғалды.

 

Жол полициясының қызметкерлері автокөлік жүргізушілерінің өртсөндірушілердің әскери техникасының кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етуін жіті бақылап отырды.

 

Сөйтіп, жол полициясымен қатар қозғалған ТЖ саласының арнайы көліктер шеруі Ақтаудың негізгі орталық жолдарымен жүріп өтті. Сонда алғашқы 30 минут ішінде арнайы көлікті өткізбеген төрт автокөлік иесі анықталды. Олардың үшеуі өз қателіктерін мойындап, кінәларын ұғынса, төртіншісі – бейнежазбаны көрсеткеннің өзінде жол полициясы инспекторымен айтысып, ақыры, оған хаттама толтырылып, айыппұл төлеу жауапкершілігі қолданылды.

 

Маңғыстау облысы ТЖ Департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығының орынбасары өртке қарсы қызмет майоры Назарали Селимов:

- Бұл шараны ұйымдастырудағы басты мақсат – шақыртуға бара жатқан арнайы көлікті өткізбеу салдарынан орын алатын жол-көлік оқиғасының алдын алу.

 

 Осы рейдті ұйымдастыру арқылы жүргізушілерге арнайы көлікті дер кезінде өткізудің маңызын түсіндіріп, мұның соңында көмекке зәру жанның өмірін сақтап қалу сияқты әрекет тұрғанын ұғындыруды көздедік, - деп мәлімдеді.

 

 

Дабыл қағып, шақыртуға асығып бара жатқан арнайы көліктерге жол бермеген жүргізушілерді полиция қызметкерлері жол бойында тоқтатып, ескерту жасады және хаттама толтырумен айыппұл салды.

 

Жол-патруль полициясының инспекторы сержант Азамат Ағыбаев:

- Бүгінгі рейд барысында әкімшілік-құқық бұзушылық Кодексінің 598 бабы бойынша 4 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды. Заңмен осындай құқық бұзушылықтар үшін 7 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген. Бұл дегеніміз - 14 мың теңгені құрайды.

 

Мұндай іс-шаралар қалада әр тоқсан сайын өткізіліп тұрады. Жүргізушілерге ескертеріміз – арнайы көлік: жедел жәрдем немесе өрт сөндіру техникасы әрдайым шұғыл шақырту бойынша асығыс кетіп бара жатады, сондықтан оларға дер кезінде жол беру арқылы өткізіп жіберу – әрбір көлік иесінің міндеті. Өйткені, арнайы көліктің дер кезінде көмекке келіп үлгеруі – біреудің өмірін аман сақтап қалуға себеп болуы мүмкін. Осыны әркез есімізде сақтайық!

 

Маңғыстау облысы ТЖ Департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ өрт сөндіру бөлімшесінің бас маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты Қанат Есназаровтың айтуынша, «Аталған шара - Ақтау қаласының жүргізушілеріне жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, дабыл дыбысымен келе жатқан өрт сөндіру қызметінің арнайы көліктерін кедергісіз өткізу қажеттігін ескертуге арналған.

 

Осы арқылы көмекке зәру адамдарға дер кезінде қол ұшын созуымызға мүмкіндік жасалатынын түсіндіру. Бұл шара алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

 

Ең бастысы – өрт сөндірушілер үшін әрбір секундтың қымбат екенін автокөлік иелері-жүргізушілер әрдайым естен шығармаса болғаны».

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему