Азық-түлік жәрмеңкесі бүгін орын алады
23 Августа 2015 (10:17) | 1565 | Автор: Мира Ботабекова
Ақтауда күн сайын азық-түлік жәрмеңкесі өтеді. Жергілікті шаруалар мен тауарөндірушілер өз өнімдерін халыққа арзан бағада ұсынбақ. Жергілікті билік бұл шараны бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында ұйымдастыруда. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі шаһар орталығындағы «Ынтымақ» алаңында таңғы сағат 10.00 -13.00 аралығында өтеді.
Шөлейтті Маңғыстауға азық-түліктің 80 пайызы сырттан, көрші елдермен, еліміздің өзге облыстарынан тасымалданады. «Сондықтан да, бағаны ұстап тұру үшін жәрмеңкелерді жиі өткізудің маңызы зор»,- дейді жергілікті билік өкілдері.
Бисенғали Кенжалиев, Ақтау қаласы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы:
-Азық-түлікті қолжетімді бағаға жай күндері де сатып алуға болады. Аймақтың барлық кәсіпкерлері бізді қолдап, жәрмеңкеге қатысуға келісімін бергенін атап өткім келеді.
Ал, «Каспий» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына қарасты «Каспий-Берекет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 33 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлерін бұрынғы бағамен сататын болды.
Берік Бисалиев, «Каспий-Берекет» ЖШС директоры:
-Облыс бойынша 20 сауда нүктеміз бар, оның 16-ы облыс орталығы Ақтауда орналасқан. Азық-түлік бағасы өспейді, бұрынғы бағамен сатыла береді. Қоймадағы қорымыз жаңа жылға дейін жеткілікті. Қазір еліміздің бірқатар өңірлеріндегі тауарөндірушілермен жаңа келісімдер жасасып жатырмыз. Олар отандық өнімдері бұрынғы бағамен беруге келісті.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему