Маңғыстау облыстық ТЖ Департаментінде «Алғыс айту күніне» арналған жиын өтті
Курс валют в Актау
на 02/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
2 Мая, 17:53
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облыстық ТЖ Департаментінде «Алғыс айту күніне» арналған жиын өтті

2 Марта 2016 (15:49) | 2202 | Автор: Нурганым Имашева

 

Көгілдір көктемнің алғашқы күні2016 жылдың 01 наурызында Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Алғыс айту күніне» арналған дөңгелек үстел отырысын ұйымдастырды.

 

Қазақстан Президенті Н. Назарбаев 2016 жылдың 14 қаңтарында «Қазақстан мерекелері туралы» жарлыққа өзгерістер енгізді. Елдегі түрлі этностар арасындағы ауызбіршілікті сақтау, қоғамның тұрақтылығын, бірлігін нығайту мақсатында «Алғыс күні» анықталды.

 

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті және оның құрылымдық бөлімшелерінде әртүрлі ұлт өкілдері жұмыс жасайды: қазақтар, орыстар, татарлар, өзбектер, лезгиндер, аварлар - 10 шақты ұлт өкілдері.

 

 - Біртұтас тату және ауызбіршілікке негізделіп біріккен ұжым - бірден бір басымдылық бағыт. Бүгінгі мереке – «Алғыс айту күніне» арналған іс-шараға біз өзіміздің ардагерлерді - украина диаспорының өкілі Людмила Федоровна Кравченконы, біздің қызметкерлердің әкелерін – лезгин ұлттық –мәдени «Самур» орталығының төрағасы Гаджимогомед Назаралиевич Селимовті (Назарали Гаджимогомедович Селимовтың әкесі), шешен ұлттық-мәдени орталыығыың төрағасы Лом Али Айдаевты (Айдаева Элинаның әкесі) шақырып, оларға құрмет көрсетуді, алғыс білдіруді мақсат тұттық,-деп мәлімдеді ТЖ Департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәр Ходжабекова.

 

 

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы азаматтық қорғау полковнигі Базарбаев Қуанар Бекенұлы жиынға қатысушыларды бүгінгі мерекелерімен құттықтады және сәттілік пен бір-біріне деген сыйластықты тіледі, сонымен қатар мұндай мерекелік шаралардың алда да дәстүрлі түрде өтіп тұратындығын атап айтты.  

  

- Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясында Елбасы ҚХА құрылған 1 наурыз күнінде мерекені атап өту туралы шешім қабылдады.

Жаңа мереке - барлық этностардың бір – біріне деген және қиын-қыстау заманда кез-келген ұлтты өз туыстарындай қабылдап, мейірімділік танытқан қазақ халқына деген шексіз алғысы.  

«Рахмет» айту мерекесі көптеген елдерде бар.

Қазақстандағы «Алғыс айту күні» – бұл тек қазақ халқына немесе барлық этностардың бір-біріне алғыс айтуы ғана емес, бұл біздің ел азаматтарының бір-біріне, балалардың ата-анасына, отбасындағыларға ризашылық сезімін білдіруі, алғысы,-деді сала басшысы жиынға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему