Маңғыстау облысының өрт сөндірушілері өрт – тактикалық жаттығу өткізді
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 14:18
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысының өрт сөндірушілері өрт – тактикалық жаттығу өткізді

25 Января 2016 (13:23) | 4184 | Автор: Нурганым Имашева

 

Жаттығу – бұл Маңғыстау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің маңызды қызметі. Әр түрлі маңызды төтенше жағдайларды жою және жүйелі іс-қимылды атқару – өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың кәсіби дайындығын бірден-бір тиімді қолдануының тәсілі.

 

Апта аяғында өрт сөндіру қызметі Маңғыстау гарнизонының жоспарына сәйкес «Мағаш» сауда кешенінде өрт – тактикалық жаттығу өткізді.

 

Маңғыстау облысы ТЖ департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау майоры Назарали Селимов:

- «Мағаш» сауда кешеннің ерекшелігі - көлемінің 4 мың шаршы метрді құрайтындығында және мұнда 500 автокөлікке арналған тұрақ бар. Оқу-жаттығудың мақсаты - осындай объектілерде зардап шеккендерді құтқару және эвакуациялау бойынша іс-қимылдарды машықтау, сондай-ақ бөлімшелердің өртсөндірушілеріне мұндай нысандардағы өрттерді қалай сөндіру керектігін көрсету», - деп атап өтті.

 

 «Мағаш» сауда кешені түтінді жою жүйесімен және дабылмен қамтамасыз етілген.

 

Шартты өрттің жоспар бойынша сипаттамасы келесідей болды: «Мағаш» сауда кешенінің 3-ші корпусының екінші қабатындағы №9 бутигінде өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмай, электр сымының қысқа тұйықталуы салдарынан «өрт» туындаған. Тауарлар мен пластик материалдан жасалған әсемдік қабырғалар «жанған». Адамдардың өмірі мен денсаулықтарына және көршілес орналасқан бутиктерге өрттің таралу қаупі төнді.

 

«Оқу-жаттығуға 1 және 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшелерінің, №8 өрт сөндіру бөлімшесі мен мемлекеттік емес өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушылары жұмылдырылды.

 

Әр топ өз міндеттерін орындады. Әрбір ірі өрт жағдайындағыдай штаб оқиға орнына жақын жерде қанат жайып, отпен күресушілердің әрбір іс-қимылын тіркеп отырды. Шараға барлығы 24 бірлік өрт техникасы, оның ішінде 2 бірлік жедел медициналық көмек автокөліктері, 1 - бірлік «КазТрансГазАймақ» көлігі және АУЭС мекемесінен 1 бірлік автокөлігі, 80 бірлік жеке құрам сарбазы қатысты»,-деп хабарлайдыМаңғыстау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему