Ақтауда карате-до бойынша Халықаралық турнирде маңғыстаулық спортшылар жеңіске жетті
23 Декабря 2015 (12:46) | 3380 | Автор: Нурганым Имашева
Облыс орталығындағы «Мұнайшы» спорт кешенінде желтоқсан айының 18-20 аралығында 6 жас және одан жоғары жас мөлшеріндегі спортшылар арасында карате-до бойынша «Ақтау Кубогы» аталған Халықаралық турнир ұйымдастырылды.
Байрақты бәсекеге еліміздің Астана, Алматы және Байқоңыр қалаларынан, сонымен қатар Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарынан спортшылар қатысты. Олардан өзге жақын шетелдер: Әзірбайжан, Қырғызстан және Грузиядан да қатысушылар болды. Жарыста барлығы 320 спортшы бағын сынады.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған жарысқа Халықаралық дәрежедегі төрешілер төрелік етті. Олар: Казанов Дмитрий, Бондаренко Павел (Қырғызстан), Қосақов Асхат, Молдағали Асқар, Османова Дильдора, Дәуіт Жандос, Нарметов Болатжан, Тоқсаитов Бақтияр, Оңайбаев Зейнулла.
Турнирде Әзірбайжан елінің алдыңғы қатарлы спортшылары мықтылық танытты. Соның ішінде төрт рет – Әлем чемпионы, 10 рет – Европа чемпионы атанған Рафель Агаев ерекше көзге түсті.
Грузия елінің 2012 жылғы Әлем чемпионы Аркания Гогита өз командасымен келді.
Командалық кумитэде Қазақстан мен Әзірбайжан елінің спортшылары кездесіп, Әзірбайжан Республикасының командасы жеңіске жетті.
Жалпы командалық есепте Маңғыстаулық спортшылар алдыңғы орыннан көрінді. Атап айтар болсақ, ересектер арасында Хуповец Екатерина - 50 кг салмақта, Захарова Сабина – 55 кг салмақта жеңіске жетіп, І орынды иеленсе, жасөспірімдер арасында 16-17 жастағылардың ішінен 61 кг салмақта – Бейшен Балғабай жүлделі І орынға көтерілді.
12-13 жас мөлшеріндегілерден 40 кг салмақта – Қуатов Ануар жеңімпаз деп танылса, 10-11 жастағылар арасында 40 кг салмақта Таганов Александр – І орынды иеленді және 35 кг салмақта Рахмет Нұрмұханбет – І орынды жеңіп алды.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему