Қоғамдық Бірлестік жылдық жұмысын қорытындылады
22 Декабря 2015 (12:16) | 2228 | Автор: Нурганым Имашева
«Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігі («МОТҚҚҚ» ҚБ) жергілікті БАҚ өкілдеріне арналған брифинг ұйымдастырды. Жиында ҚБ Президенті Никар Маликқызы Рафикова тілшілер қауымымен биылғы жылы Бірлестіктің тарапынан «Маңғыстау облысының ішікі саясат басқармасы» ММ-нің 2015 жылға арналған әлеуметтік тапсырысы бойынша «Халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейін жоғарылату және медиация мәселелері жөніндегі Маңғыстау облыстық ақпараттық-ағарту Орталығының қызметін қолдау» жобасының жүзеге асырылуы туралы толыққанды ақпаратпен бөлісті.
Биылғы жылдың мамыр айынан желтоқсан айына дейін іске асырылған аталмыш жоба аясында біршама жұмыстар атқарылғаны жайлы журналистерге баяндаған Бірлестіктің басшысы Н.Рафикова жобаның басты мақсаты – тұрғындардың құқықтық мәдениетін жоғарылату болғаны, ол үшін 5 міндет қабылданғаны туралы әңгімеледі.
- Мамыр айында заң кеңестік қызметімен 54 адам қамтылды, оларға 63 кеңес берілді. Тұтынушылардың 25-і Бірлестіктің кеңсесіне келсе, қалғандарына телефон арқылы кеңес берілді. Маусымда – 43 тұтынушыға- 43 заң кеңесі берілсе, оның 22-сі кеңсеге келді. 43 адамның 16-сы ер азаматтар болса, 27-сі әйелдер. Бірлестік көрсеткен құқықтық көмек нәтижесінде тұтынушылардың ақшаларын қайтару мүмкіндігі туды.
ІІ топ мүгедегі В.Сапаровтың жарақаттануына байланысты ұшақпен ұша алмаған себепті сатып алған әуе билеттерінің құны 239 000 теңге көлеміндегі сома ақшасы билетті сатқан әуе компаниясынан қайтарып алынды.
Сонымен қатар, Ақтау қаласының тұрғыны М.Тимурованың сапасына көңілі толмаған сатып алған аяқ киімін дүкенге тапсырып, оның құны 18 000 теңгесін кері қайтарып алу мүмкіндігі туды.
Батыр кентінің тұрғыны теледидар сатып алу кезінде дүкен қызметкерлерінің арбауына түсіп, қосымша қызметке арналған 53 000 теңгенің сертификатын сатып алып, алданғанын уақыт өте келе білгенін, оның да құқы Бірлестікпен қорғалып, ақшасы қайтарылғанын айтуға болады. Сондай-ақ тұтынушылар көбіне - көп коммуналдық қызметтер үшін негізсіз ақы төлеуге мәжбүр болғандарын айтып шағымданады,-дейді Бірлестіктің Президенті Никар Маликқызы.
Оның айтуынша, «Бірлестік жоба аясында көрсетілуі тиіс 86 заң кеңесін тұтынушыларға толық түрде бере алды. Тұрғындармен жүргізілген жыл бойғы жұмыстың нәтижесінде тұтынушылардың құқықтық сауаттылығы төмен екені, қала тұрғындары көбіне коммуналдық төлемдерді артық төлеуден, олардың негізсіз артық есептелуінен жапа шегетіні және олардың дүкендерден сапасы нашар тауар немесе азық-түлік сатып алу туралы шағымдары басым екені анықталды».
Кәсіби медиаторларды даярлау бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталған Бірлестік жетекшісі 22-26 маусым аралығында «МОТҚҚҚ» ҚБ – мен ұйымдастырылған арнайы курсты өткізу нәтижесінде аймақта тағы да 10 жаңа медиатор (6-ер, 4-әйел) пайда болғанын айта келіп, бұған дейін «Халықаралық құқыққорғау орталығы» ҚБ-нің есебінде Маңғыстау облысы бойынша 32 кәсіби медиатор (оның – 28-і Ақтауда болса, 4-уі Жаңаөзенде) тіркелгенін тілге тиек етті.
Кәсіби медиаторлардың қатысуымен бірнеше еңбек дауы, алиментке, ұрлыққа, алаяқтыққа байланысты даулардың нәтижелі шешілгені жөнінде толық баяндаған Н.Рафикова өзі басқаратын қоғамдық бірлестікке тұрғындардың заң тұрғысынан құқықтық кеңес алу үшін жиі хабарласатынын айтты.
ҚБ басшысы сонымен қатар, тұрғындардың құқықтық мәдениетін көтеру мақсатында сауалнама жүргізілгеніне тоқталды. Сауалнамаға Ақтаудағы №1 балалар емханасы, дәрігерге кезекте отырған емделушілер, «Маңғыстау туризм колледжі» МКҚК қызметкерлерінің бір бөлігі, облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті және Ақтау қаласы бойынша тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының мамандары, Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасы, «Татьяна» ЖПИК және «Маңғыстаугеология» ЖШС мен Бірлестікке құқықтық көмек алуға келген тұтынушылар қатысқан.
Никар Маликқызы тәжірибелі заңгер ретінде аталмыш жобаны жүзеге асыру барысында халықтың құқықтық сауаттылығын жоғарылату мақсатында облыстық телеарна басшылығымен келісу арқылы жергілікті мемлекеттік органдар басшылары, Ұлттық банк филиалының басшысы және «Маңғыстау облысының еңбек басқармасы» ММ-нің жетекшісінің орынбасары, облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің басшысы Бекмұратов Бақытжан Зияділдәұлы, Маңғыстау облысы бойынша медициналық және фармацевттік қызметті бақылау департаментінің басшысы Елдеш Қосмағанбетовпен, облыстық көші-қон полициясы басқармасының бөлім бастығы Талғат Баймұрзаевпен бірге «Қазақстан-Ақтау» телеарнасында «Құқық алаңы» атты бағдарламаға қатысып, аталмыш жобаның ұйымдастырылып, өкізілуіне мұрындық болғанын да егжей-тегжейлі әңгімеледі.
Бірлестік Президенті Н.Рафикова өз бастамасымен 18.12.2015 ж. халықтың өз тұтынушылық құқығын жақсы біліп, еңбек қарым-қатынастары, қаржылық қызмет, медициналық және фармацевттік қызмет көрсетуді бақылау, көші-қон мәселесі, табиғи монополияларды реттеу және бәскелестікті қорғау жөнінде өз ұсыныстарын енгізуіне мүмкіндік жасау мақсатында азаматтық қоғамды ақпараттандыру үшін «Дөңгелек үстел» отырысын өткізді.
Енді міне, жоғарыда аталған жобаның іске асырылуы жөнінде БАҚ өкілдеріне толық ақпарат ұсынып, журналисттер Бірлестіктің жыл бойғы жұмысы туралы хабардар етілді.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему