Интернеттің пайда болғанына 46 жыл
18 Декабря 2015 (10:11) | 2147 |
Автор: Мира Ботабекова
Бүгінде Қазақстанда 12 млн интернет қолданушы бар екен. Яғни 17 млн астам халықтың 5 млн-дайы ғана ғаламторды қолданбайды деген сөз.
Бүгінгі таңда әлемде 3,2 млрд интернет пайдаланушылар бар, олардың 50% - Азияда, ал 60% астамы - дамушы елдердің азаматтары. Ал, Қазақстан бойынша интернет қолдануда еліміздің батысы алдыңғы қатарда тұр. Мәселен, Атырау тұрғындарының 88 пайызы, ал Маңғыстау жұртшылығының 87 пайызы ғаламтордың қызметін пайдаланады екен.
Маңғыстау облысында 500-ге тарта интернет сайттары жұмыс істейді. «Грант-Қазақстан» корпоративтік қорының атқарушы директоры Тимур Бектұрдың мәлімдеуінше интернет өмірімізді өзгертіп, ақпаратты алу мен жеткізудің, қарым-қатынас жасаудың жаңа тәсілдері пайда болды. «Интернеттің пайдасымен қатар зияны да бар. Зияны: адам уақытын алады, ғаламторға бір кірсең уақытытң қалай өтіп кеткенін байқамай қаласың»,-дейді Тимур. Ал, осы саланың маманы ретінде Тимурға интернеттің пайдасы мол. Осы ғаламтор арқылы ол табыс табады, клиенттер жинайды. «Жалпы халық үшін ғаламтордың пайдасы да көп, біріншіден, ақпаратты жедел аласың, екіншіден мыңдаған шақырым жерге ұшақпен бармай-ақ ғаламтор арқылы шаруаңды шешуге болады, тағысын тағы бар»,-деді «Грант-Қазақстан» корпоративтік қорының атқарушы директоры Тимур Бектұр.
Тимур интернетті жалпы 2001 жылдан бері пайдаланады екен. Ал, 2008 жылдан бері блог жүргізіп келеді. 2011 жылдан бастап еліміздің болг құрылтайының барлығына блогер ретінде белсенді түрде қатысып келеді. Жеке парақшасына тәулігіне мыңға жуық адам кіреді екен.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему