Елбасы Маңғыстау жұртшылығымен кездесті
Курс валют в Актау
на 15/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
15 Ноября, 23:24
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Елбасы Маңғыстау жұртшылығымен кездесті

5 Апреля 2017 (13:02) | 2101 | Автор: Мира Ботабекова

Бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында аймақтың жұртшылығымен кездесті.

            Кездесу барысында Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Елбасына өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін баяндады.

            Ералы Тоғжанов «ағымдағы жылдың соңына дейін өңірлік экономиканың өсу қарқынын қамтамасыз ету үшін барлық тиісті жұмыстар жасалатынын» айтты. Сондай-ақ, аймақты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесіне зор мән беріліп, мемлекеттік-жеке-меншік әріптестікті дамыту жұмыстары күшейтіледі. Бүгін де Маңғыстау облысындағы барлық апаттық жағдайдағы мектептер жойылған.

- Туу көрсеткішінінің жоғарылығы мен халықтың көші-қоны бізге бала-бақшалар мен мектептердің құрылысын тездетуді міндеттейді. Тапшылықты болдырмау мақсатында осы жылы бірден 8 жаңа мектептің құрылысын бастаймыз. Ол үшін республикалық бюджеттен 11 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді. Ағымдағы жылы мемлекеттік-жеке-меншік әріптестік механизмдерін пайдалану арқылы бала-бақшалар санын 35-ке дейін арттыруды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, осы жылы ірі денсаулық сақтау нысандарының құрылыстары үшін, ол – Ақтау қаласындағы ауысымына 500 науқасты қабылдайтын емхана мен 300 төсекті көп салалы аурухананың, Жаңаөзен қаласындағы медициналық орталықтың құрылыстарына арнап жеке-меншік инвестицияны тарту көзделуде. Аймақтағы мемлекеттік-жеке-меншік әріптестіктің даму қарқыны бар. Сіздің тапсырмаңызға сәйкес біз оны әрі қарай жетілдіретін боламыз, - деп атап өтті Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

            Сонымен қатар, аймақ басшысы жаңа «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы арқылы тұрғын үйлер салу қарқынын әрі қарай дамытатынын және облыс орталығындағы жаңа шағын аудандардың құрылысы үшін инвестиция тартатынын, көпшілік кәсіпкерлік пен тиімді жұмыспен қамту бойынша жаңа бағдарламаны жүзеге асыруды жетілдіретінін айтып өтті. 2017 жылы 1 млрд.теңгеден астам қаржыға 250 шағын несие бөлу, 165 бизнес-бастамаларды субсидиялау жоспарланып отыр. Ағымдағы жылы облыс бойынша 26 мың жұмыс орнын ашу көзделуде.

            - Өңірлік экономиканы дамыту бойынша жүзеге асырылатын шаралар мен экономикалық өсімді қамтамасыз ету, ең алдымен, жұмыспен қамтылуды сақтауға, жаңа жұмыс орындарын құруға, еңбек мобильділігін арттыруға, өңірдің кәсіпорындарындағы көпшілік қысқартуларды болдырмауға бағытталады, - деді Ералы Тоғжанов. Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему