Ақтауда мұздатылған тағам өндірісі қолға алынады
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 01:44
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда мұздатылған тағам өндірісі қолға алынады

7 Декабря 2015 (14:14) | 1436 | Автор: Мира Ботабекова

 

Келер жылы Ақтауда қазақ-венгер бірлескен кәсіпорны құрылатын болды. Көкөніс пен жеміс-жидек, ұннан жасалатын өнімдер, жартылай өңделген ет өндірісімен әйгілі венгерлік «MIRELITE MIRSA Zrt» компаниясы Маңғыстау өңірінде жаңа бөлімшесін ашуды көздеп отыр.

 

Өткен аптада Маңғыстау облыстық кәсіпкерлер палатасында Венгрия аспаздары әзірлеген ет, ұн, көкөніс пен жеміс-жидек өнімдері көпшілік назарына ұсынылды. Көздің жауын алатын тағамдардан дәм татқан ақтаулық кәсіпкерлер жоғары баға берді.

 

«MIRELITE MIRSA Zrt» компаниясының өкілі Бачар Алястың айтуынша, 1945 жылы негізі қаланған бұл компания әлемде тоңазытылған тағамдар өндірісімен айналысып келе жатқан ең ежелгі кәсіпорындардың бірі. Аталған компания Венгрия аумағында өсірілетін өсімдік атаулының барлығын дерлік өңдейді.

 

Кәсіпорынға келіп жеткен шикізат өңделгенге дейін қатаң тексеруден өткізіледі. Сынама алынып, арнайы зертханада сарапталады. Микробиологиялық сараптама жасалады. Компанияның тоңазытылған өнімдері дүниежүзінің отыздан астам еліне экспортталады екен. Озық үлгідегі технологияның көмегімен сапалы өнім шығаруға мүмкіндік туып отыр.

 

 

«Orient Trade Hungary Ltd» венгерлік компанияның жоба менеджері Атилла Симконың айтуынша, жаңа қазақ-венгер бірлескен кәсіпорнын тіркеу жұмыстары аяқталған соң, келер жылы Ақтауда аталған компанияның филиалы құрылып, жаңа кәсіпорын пайда болады. Әлемге танымал компанияның қоймалары салынады. Бұл жоба жаңа жұмыс орындарының ашылуына, ақтаулықтардың жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді.    

 

Кәсіпорын Венгрияның емес, жергілікті жердің жемістерін, көкөністерін өңдеуді жоспарлауда. Бұл ел шаруаларына үлкен қолдау болғалы тұр. Жоба жетекшілері өңделген өнімдердің бағасы халыққа қолжетімді болатынын айтады. Кәсіпорын бірінші кезекте аймақтағы мейрамхана және мейманханалармен тығыз жұмыс істемек.

 

«Біздің компания үшін Қазақстан жаңа нарық. Сондықтан да біз алдымен кәсіпкерлер палатасының көмегіне жүгіндік, осында хабарластық. Палата қызметкерлері біздің жобамызды жүзеге асыруға көмектесетіндерін айтып жатыр. Олардың көмегімен жаңа кәсіпорын құруды көздеп отырмыз. Біз әлемдегі 30 елде бизнес жүргізіп жатырмыз. Жаңа жобаларға, кәсіпкерлерге қолдау көрсететін кәсіпкерлер палатасы сияқты мұндай ұйымдар басқа елдерде жоқ»,-деді Атилла Симко.

 

Венгриялық компанияның бөлімшелері Қазақстанның өзге қалаларында әлі ашыла қойған жоқ. Қазақ-венгер бірлескен кәсіпорны алғаш рет Ақтауда құрылғалы тұр.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему