Облыстық жарыста жеңіске жетті
24 Ноября 2015 (09:55) | 1688 | Автор: Нурганым Имашева
Ақтау қаласындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған "Жастар" спорт мектебінің балуандары Жыңғылдыда өткен облыстық жарыстан жеңіспен оралды.
Дүбірлі додада Ержiгiт Тəжімұрат (34 келі салмақта) жəне Нұртілек Атшыбай (42 кг) алтыннан алқа тағып, жеңіс тұғырына көтерілді. Сондай-ақ, аталмыш спорт мектебінің шəкірттері Дарын Аймұратов (42 келі салмақта), Төреекен Қобланов (46 кг), Əмірхан Нұртілеу (50 кг), Дарын Төребай (66 келі салмақта) күмісті иеленіп, бапкерлердіңүмітін ақтады. Ал, Ғабидолла Құрманғазиев (38 келі салмақта) пен Əшім Мақсат қоланы қанағат тұтты. Осылайша, облыс қоржынына 2 алтын, 4 күміс, 2 қола медаль түсті.
-Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Хамидолла Ильмұхаммедовтың жүлдесіне арналған дзюдо күресінен өткен ашық турнирге жалпы 250 спортшы қатысып, бақтарын сынады. 2000-2003 жылы туылған жасөспірімдер арасында өткен жарыста біздің спорт мектебінің намысын қорғаған шəкірттеріміз үлкен дайындықтың, нəтежиелі жұмыстың арқасында жүлделі орынмен оралып, мерейімізді өсірді. Сонымен қатар жақында Еуропа кубогы сарапқа салынған жарыстан шəкіртім Нұрсұлтан Манарбекұлы күмісті иеленіп, елге абыроймен оралған болатын. Жас бапкер үшін мұның өзі үлкен жетістік,-дейді жеңімпаздардың бапкері Жомарт Қобыланов.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему