Ақтаулық құтқарушылар мектеп түлектерімен кездесті
Курс валют в Актау
на 06/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
6 Мая, 11:53
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық құтқарушылар мектеп түлектерімен кездесті

20 Ноября 2015 (14:44) | 1354 | Автор: Нурганым Имашева

 

Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары облыс орталығындағы №8,14,16 жалпы білім беру орта мектептерінде Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министірлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институты туралы 10-11 сынып оқушыларына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

 

Бұл жайында БАҚ құралдарында үнемі жазылып та, айтылып жүр. Кездесу кезінде оқушылар мамандарға: «Біз құтқару қызметіне қандай дайындықта болуымыз керек? Бұл салада қандай мамандықтарға оқытады? Күн сайын құтқарушылар қанша мәрте арнайы шақыру бойынша жолға шығады?» деген сұрақтарын қойды.

 

Осы сынды сан сауалдарға Ақтау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының жеке құрамы жауап берді.

- Құтқарушы тек спорттық қалыпта ғана емес, психологиялық жағынан да өте мықты болуы тиіс. Жол-көлік апатын көре тұрып, жан ұшырып, жанталасып жатқан немесе өлген адамды көліктің жақтауын кесу арқылы сыртқа шығару оңай емес. Мұндай оқиға ең алдымен, адамның жүйкесіне қатты әсер етеді. Сондықтан да құтқарушы боламын деген адам мұнда бірнеше ай бойы арнайы сынақтан (спорт түрлері бойынша және психологиялық тексеру, т.б.) өтеді,-дейді Ақтау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкері өртке қарсы қызмет лейтенанты Абдираш Нұрсұлтан.

 

 

Қалалық ТЖ басқармасының маманы өртке қарсы қызмет аға лейтенанты Ордабаева Гүлбарамның мәлімдеуінше: «Жоғары білікті мамандарды даярлау күндізгі және сырттай оқу түрлері бойынша жүргізіледі. Күндізгі оқу факультеті оқу орнының негізгі құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып табылады және институттың іргетасы қаланған күннен бастап жұмыс істейді. 2001 жылы күндізгі оқу факультетінде жоғары білімді мамандардың алғашқы түлектері шығарылды.

 

5В100100 - «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша жоғары білікті мамандарды даярлау күндізгі және сырттай оқу түрі бойынша жүргізіледі.

 

Оқуды бітірген соң күндізгі оқу түрінің түлектеріне «Әскери іс және қауіпсіздік бакалавры» академиялық дәрежесі мен «өртке қарсы қызмет лейтенанты» арнайы атағы беріледі. Олардың барлығы институтты бітірген соң, Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің бөлімшелерінде жұмысқа тұрғызылады.

 

Күндізгі оқу факультетінің түлектері Қазақстан Республикасының өртке қарсы қызмет органдарының барлық бөлімшелерінде қызмет етеді.

 

2011 жылдан бастап институт 5В103100 «Төтенше жағдайларда қорғау» және 5В103200 «Азаматтық қорғаныстың командалық-тактикалық күші» тағы екі мамандық бойынша білім беру қызметін жүргізу құқығына мемлекеттік лицензия алды».

 

ТЖ басқармасының мамандары:

- Ақтау қаласы бойынша 112 шұғыл шақырту пультіне күніне 5-6 рет шақырту келіп түседі, осындай арнайы шақыру бойынша құтқарушылар жолға шығады,-дейді.

 

Ақтау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары мектеп түлектерін Көкшетау техникалық институтына оқуға түсуге шақырады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему