Қызылша сырқатынан сақтаныңыз!
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 17:07
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қызылша сырқатынан сақтаныңыз!

12 Января 2019 (11:01) | 2496 | Автор: Нурганым Имашева

Жыл басынан бері Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне екі бала қызылша (корь) ауруымен түскен болатын. Алайда бір баланың қызылша ауруымен ауыратындығы расталды. Бұл жайында бізге аурухананың эпидемиолог-дәрігері Аяулым Зейнышова әңгімелеп берді.

 

 

-Жұқпалы аурулар бөлімінің статистикалық мәліметіне сүйенсек 2018 жылы қызылша ауруымен үш жағдай тіркелген болатын. Оның екеуі 2 жасқа дейінгі бүлдіршін болса, біреуі 5 жасқа дейінгі бала. Қазіргі таңда эпидемиялық ахуал тұрақты,-деген Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының эпидемиолог-дәрігері Аяулым Зейнышова аурудың пайда болу жолдары жайында түсіндіріп, сақтану жолдарын айтып берді.

 

Эпидемиолог-дәрігердің айтуынша, қызылша – ауа тамшыларымен таралатын жұқпалы ауру. Ол аурумен балалар жиі ауырады, кейде ересектер арасында кездесіп те жатады. Көп адамдар қызылшаның бастапқы кезеңін тұмау, жедел респираторлық вирустық індет деп ойлап, өздігінше ем қабылдай бастайды. Ал, бөртпе шыққан кезеңде аллергиялық аурулармен жиі шатастырады. Қызылша адам ағзасына түскен соң ең алдымен шырышты қабатты яғни көз, мұрын, ауыз қуысы мен тамақты зақымдайды. Сосын тері қабатына өтеді. Ал науқас жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде өзгелерге ауа арқылы жұқтырады.

 

 

-Қызылша –қазіргі таңда ең жұқпалы аурудың бірі болып табылады. Бұл 100% жұқпалы ауру, яғни бұрын қызылшамен ауырмаған немесе егілмеген адам қызылшамен ауырған адаммен байланысқа түссе, қызылшамен ауру қаупі жоғары болады. Сондықтан инфекция ошағында вакцина және эпидемияға қарсы шараларды жасауды қатаң сақтау өте маңызды.

 

Ауру себептеріне тоқталар болсақ, инфекция ауа жолы арқылы беріледі. Вирус сыртқы ортаға сөйлеген кезде түкірікпен, жөтелген, түшкірген кезде бөлінеді. Бұл аурудың инкубациялық кезеңі жұқтырғаннан кейін бірінші белгілері пайда болғанға дейін, яғни 7 күннен 14 күнге дейін созылады. Есте сақтайтын ең маңызды жайт ауру бөртпе шығудан басталмайды, ол суық тию белгілерімен басталады.

 

Дене қызуының 38-40 градусқа көтерілуі, әлсіздік, тәбеттің болмауы, құрғақ жөтел, мұрынның бітуі. Одан кейін конъюктивиттің (көздің шырышты қабығының қабынуы) пайда болуы. Шамамен бірінші белгілердің шыққанынан кейін беттің шырышты қабығының (азу тістерінің қарсысында) ұсақ ақ дақтар пайда болады. Аурудың 3-5 күні ашық түсті бір-біріне өзара ұқсап кететін дақтар пайда болады. Ең алдымен олар құлақтың артында және маңдайда кейін тез арада бет, мойын, дене және аяқ-қолға таралады.Ұсақ қызғылт дақтар тез арада үлкейіп, формасын өзгертіп, бір-біріне қосылып кетеді.

 

Бөртпелердің қалың шыққан кезеңінен 2-3 күн өткеннен кейін дене қызуы 40° қайта көтерілуі мүмкін. Бөртпелер 4-7 күн сақталады. Дақтардың орнында қоңыр пигменттер қалады, олар 2 аптадан кейін кетіп, тері қайта таза болады. Жалпы қызылша ауруының дамуын байқаған сәтте кешіктірмей дәрігерге қаралу керек,-дейді Аяулым Зейнышова.

 

Ақпаратты ұсынған Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі.

 

Суретті түсірген облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему