Күмістен алқа тақты
Курс валют в Актау
на 22/12/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
22 Декабря, 18:43
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Күмістен алқа тақты

20 Октября 2015 (09:50) | 1686 | Автор: Нурганым Имашева

 

Қарағанды қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай дзюдодан республикалық турнир ұйымдастырылды. Байрақты бәсекеге еліміздің барлық аймағынан 2003-2006 жылы туылған 500 спортшы қатысты. Әр салмақ дәрежесі бойынша күрескен спортшылардың арасында маңғыстаулық балуан Нұрсұлтан Манарбекұлы (35 келі салмақта) да бар. Ақтаулық жас спортшы аталмыш додада топ жарып, күміс жүлдеге ие болды.

 

 

- Нұрсұлтанның салмағында жалпы 50 спортшы күресті. Нұрсұлтан бұл салмақта 5 адаммен белдесіп, күмісті иеленді. Сонымен қатар Нұрсұлтан биыл Бакуде өткен халықаралық жарыста 300-ге жуық балуанның арасынан топ жарып, қоланы иеленді және наурыз айында Орал қаласында Т. Қамзиевты еске алуға арналған республикалық самбо жарысында алтыннан алқа тақты. Дзюдодан халық батыры «Ер Қосай Құдайкеұлы» атындағы халықаралық турнирде де алтынды иеленді. Осындай жетістіктері бар шәкіртімнің болашағынан зор үміт күтемін. Оның алар асуы әлі алда,-дейді бапкері Жомарт Қобыланов.

 

Балуандар отбасында тәрбиеленген Нұрсұлтанның спорттпен айналыса бастағанына биыл-үш жыл. Аз уақыт ішінде ол самбо мен дзюдо күресінен «спорт шеберіне үміткер» атанып үлгерді. Күрестің екі түрінен де облыс чемпионы және жасөспірімдер арасында республикалық, халықаралық жарыстардың жеңімпазы. Ақтаудағы «Жастар» спорт мектебінің түлегі Нұрсұлтан бүгінде Астана қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт мектеп-интернатында білім алуда.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему