Ақтаулық құтқарушылар психологиялық тестілеуден өтті
15 Октября 2015 (14:56) | 1408 | Автор: Нурганым Имашева
«Маңғыстау облысының өрт сөндіру бөлімшелерінде жеке құрамның суицидттік әрекетке бейімділік деңгейін анықтау бойынша мониторинг, яғни құтқарушылар арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алуға бағытталған іс-шаралар кешені басталды.
Кәсіптік даярлау мектебінің тыңдаушыларымен мониторинг өткізілді. Мектептің 40- қа жуық тыңдаушысы тұлғаның деструктивті құлқын анықтауға арналған тестілеуден өтті.
Мекеменің психологы өртке қарсы қызмет капитаны Жолдыбаева Дариға:
-Жеке құрам арасында суицидттік фактілердің алдын алуға бағытталған мұндай шаралар мекеменің маман-психологтарымен ұдайы өткізіліп тұрады, себебі құтқарушылар жұмысы қашан да үлкен психоэмоционалдық жүктемелермен байланысты болып келеді, - деп атап өтті.
Тестілеуден басқа психилог қызметкерлермен суицидтің негізгі себептері мен оның алдын алу шаралары және негізгі бағыттары бойынша жұмыстар туралы әңгімелеуді қамтыған практикалық сабақтар өткізді.
Қорытындысында өрт сөндіруші мамандар назарына «Бақытқа жетер жол» атты деректі фильм көрсетілді»,-хабарлайдыҚР ІІМ ТЖК Маңғыстау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің (Ақтау қаласы) мемлекеттік тіл және ақпарат тобының баспасөз хатшысы Рукья Сычева.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему