Жүлдегерлер қатарынан көрінді
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 15:25
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жүлдегерлер қатарынан көрінді

29 Сентября 2015 (11:46) | 1306 | Автор: Нурганым Имашева

 

Грузияда самбодан ересектер арасында Әлем және Еуропа чемпионы Арчил Чохелиді еске алуға арналған халықаралық турнир өтті. Аталмыш жарысқа Қазақстан, Ресей, Украина, Грузия, Греция, Әзірбайжан, Израиль, Армения, Түркия мемлекеттерінен 150-ге жуық спортшы қатысты. Байрақты бәсекеде балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жастар» спорт мектебінің спортшылары Манас Иманкулов (74 келі салмақта), Ғайса Қалмұханов (+100 келі салмақта) және Асхат Хапанов (82 келі салмақта) топ жарып, жүлдегер атанды. Жерлестеріміздің үшеуі де ІІІ-орынды иеленіп, қоладан алқа тақты. Жарысқа палуандарды халықаралық дәрежедегі спорт шебері, белгілі бапкер Сергей Волобуев дайындады.

 

 

-Әр бапкер үшін шәкіртінің үмітті ақтап, биіктен көрінгені мәртебе ғой. Шамам келгенше жастарды спортқа тартып, республикалық, халықаралық жарыстарда аймақтың атын шығаруға тырысып келеміз. Бұл жолы халықаралық деңгейде өткен жарысқа екі ай бойы дайындалдық, шәкірттерім үмітті ақтады. Енді қос шәкіртім Бауыржан Сағынғалиұлы мен Рамазан Мамаев-Ригада өтетін Әлем чемпионатында аймақ намысы күресетін болады,-дейді белгілі бапкер Сергей Волобуев.

 

Астана қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернатында білім алған 21 жастағы Асхат Хапанов қазір шәкірт тәрбиелеп, бапкерлікпен айналысып жүр.

 

 Халықаралық додаларда +100 келі салмақта күресіп жүрген Ғайса Қалмұханов болса, «Жастар» спорт мектебінің шәкірттерін дзюдо мен самбодан жарыстарға дайындап, өз тәжірибесімен бөлісуде.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему