Ақтауда төтеншеліктер мен полиция қызметкерлері көліктердегі өртсөндіру құралдарын тексерді
Курс валют в Актау
на 26/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
26 Ноября, 09:17
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда төтеншеліктер мен полиция қызметкерлері көліктердегі өртсөндіру құралдарын тексерді

22 Сентября 2015 (14:42) | 1745 | Автор: Нурганым Имашева

 

Автокөліктердегі өрт оқиғаларының саны күрт өсуіне байланысты Ақтау қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мамандары Маңғыстау облысы ІІД-нің әкімшілік полиция қызметкерлерімен бірлескен рейд ұйымдастырды.

 

Рейд барысында қос қызмет мамандары автобустар мен жеңіл көліктерді тоқтатып, олардың салонында өртсөндіргіш құралдарының бар-жоқтығын, құрылғылардың жарамдылығын тексерді. Сонымен қатар, мамандар автокөлік иелеріне өрт пайда болған кезде өртсөндіру құралдарын дұрыс пайдалану жолдарын, таңбалануына қарап, олардың дайындалу мерзімін анықтауды түсіндірді.

 

-Жол ережелерінің талабы бойынша, кез-келген көлікте өртсөндіру құралының болуы міндетті. Осының арқасында көптеген көлік иелері кенеттен пайда болған өртті дер кезінде сөндіріп, көлікті түгел жанып кетуден сақтап қалды. Ал аталған құрылғыны сатып алуға қаражатын қимаған кейбір көлік иелері өздерінің салғырттықтарының салдарынан көліктері отқа оранып, шығынға батқан жайлары аз емес,-дейді жол-парульдік қызметінің қызметкерлері.

 

Жыл басынан бері Ақтауда 25 автокөлік өрттің құрбанына айналған. Өртсөндірушілер былтырғы жылмен салыстырғанда қалада көліктің өртенуі оқиғаларының саны анағұрлым арта түскенін тілге тиек етуде. Мамандар өрттердің ең негізгі себептері ретінде көліктегі электр жүйесінің тозуы және мотор бөлігіндегі электр жүйесінің дұрыс күйде болмауын атайды.

 

-Бірінші кезекте біз көлік иелеріне машинадағы электр жүйесін дұрыс пайдалану жөнінде ұсыныстар бердік, себебі көліктегі өрттің пайда болуы көбіне-көп қозғалтқыш бөлігіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы және автокөліктердің техникалық жай-күйінің дұрыс болмауы салдарынан. Кез-келген көлікте әрдайым қол астында болуы қажет саналатын екі маңызды құрал бар-олар дәрі-дәрмек қобдишасы және өртсөндіргіш құрылғы. Көліктің жануын ешқашан өз көзімен көрмеген көптеген адамдар автокөліктің өрсөндіргіш құрылғысын қымбат тұратын әрі жүк салғыштағы орынды тарылтып тұратын басы артық құрал ретінде қабылдайды.

 

Автомобиль 4-5 минут аралығында түгелдей өртеніп кетеді. Сондықтан көлікте өртсөндіру құралы болмаған жағдайда жүргізуші отты бірден оқшаулау арқылы ауыздықтау мүмкіндігінен айырылады, яғни уақытын текке жоғалтады. Жүргізушінің үнемі есінде сақтуға тиісті ең маңызды қағидасы-өртті сөндіруден гөрі, оны болдырмаудың жолын табу. Бұл үшін әрбір көлік иесі өзінің «темір тұлпарының» жақсы техникалық жағдайда болуына көңіл бөліп, дер кезінде техникалық тексеруден өткізіп отыруы тиіс,-дейді Ақтау қалалық төтенше жағдайлар басқармасының инженері Гүлнұр Шопанова.

 

Жүргізушілерге көліктегі өрттің басты себептері жайлы түсіндіре келіп, алғашқы өрт сөндіру құрылғыларының бар-жоғын тексеріп, төтеншеліктер көлік иелеріне өрт қаупі ережелерін сақтау туралы жадынамалар мен парақшалар таратты. Бір қуантарлығы, тексерілген көліктердің иелері инспекторларға машиналарында жарамды күйдегі өртсөндіру құралдары бар екенін көрсетті.

 

-Рейд барысында 50 машина тексерілді, олардың иелері тексеруге түсіністікпен қарады. «Сақтықта-қорлық жоқ» дегендей, көліктің қауіпсіз жағдайда болуы-оның ішіндегі жолаушылардың да қауіпсіздігі,-деп атап өтті Гүлнұр Шопанова.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему