Демалыс базасында өрт шықты
8 Сентября 2015 (18:15) | 1587 | Автор: Нурганым Имашева
Каспий теңізі жағалауында орналасқан «TREE OF LIFE» демалыс базасында болған өрт оқиғасы бойынша біздің газет редакциясының жолдаған сауалына Ақтау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері өртке қарсы қызмет лейтенанты Абдираш Нұрсұлтан Асқарұлы төмендегідей ақпаратты ұсынды.
05.09.2015 жылы сағат 09:50-де Маңғыстау облысы «ӨС ж АҚЖ» ММ өртке қарсы қызмет орталық байланыс пунктіне, Ақтау қаласы, теңіз жағасында «TREE OF LIFE» демалыс базасының ауласында орналасқан 1-қабатты тастан қалаған, екі бөлмеден тұратын серверлік ғимараттың бір бөлмесенің толықтай (ішінде болған компютерлер мен радиостанция және жабдықтары) жануы туралы хабар келіп түсті.
-Дабыл бойынша оқиға орнына ӨСБ-8 шықты. Шақырылған жерге жеткенде, теңіз жағасында «TREE OF LIFE» демалыс базасының ауласында орналасқан 1-қабатты тастан қаланған, екі бөлмеден тұратын серверлік ғимараттың бір бөлмесінің толықтай (ішінде болған компютерлер мен радиостанция және жабдықтары) жануы анықталды. Серверлік ғимараттың ауданы 20 ш/м, ал жанған жері 9 ш/м құрайды.
Өрттен зартап шеккендер жоқ. Өрттің себебі-тоқтың қысқаша тұйықталуы,-дейді Ақтау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері өртке қарсы қызмет лейтенанты Абдираш Нұрсұлтан Асқарұлы.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему