Өртсөндірушілер арасында «Полиглот» байқауы өтті
Курс валют в Актау
на 27/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
27 Ноября, 05:46
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Өртсөндірушілер арасында «Полиглот» байқауы өтті

7 Сентября 2015 (09:52) | 2964 | Автор: Нурганым Имашева

 

Жұма күні Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің акт залында «Полиглот» байқауы өтті.

 

Сайысқа қатысушылар өздерінің қазақ, орыс және ағылшын тілдерін қандай деңгейде меңгергенін, сөздік қорды әртүрлі жағдайларда пайдалана білу, үш тілді меңгеру деңгейлерін жазбаша және ауызша тапсырмалар орындау (ұсынылған мәтінді ауызша үш тілге аудару және жазбаша түрде қызметіне қатысты терминдерді қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне аудару), үш тілде өзін көпшілікке таныстыру, түрлі тілде өз өнерлерін көрсете білу талаптарының үдесінен шығып, аталған тапсырмаларды орындады.

 

Бүгінгі күні қоғамда орын алып отырған түрлі әлеуметтік-экономикалық, саяси-қоғамдық өзгерістер кез-келген қызметке жан-жақты дамыған, білікті мамандарға деген сұранысты туғызып отыр. Өзгелердің мәдениеті мен тілін тез қабылдай білетін жан-жақты тұлға болу-қазіргі заман талабы. Сондықтан «Полиглот» болу-көп тілді жетік меңгеру, бүгінгі өмір талабынан туындап отырған қажеттілік.

 

Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші іріктеу кезеңі, бұл кезеңге қатысу үшін байқауға қатысушы үш тілді жетік меңгерген болуы тиіс деген талап қойылды.

 

Сайыстың алғашқы тапсырмасы «Таныстыру» деп аталды, бұл тапсырмада сайыскерлер қазылар алқасы мен көрермендерге өздерін үш тілде таныстырды.

 

Айта кететіні, сайыскерлердің бірі өзін өлең жолдарымен әсерлі таныстыра білсе, енді бірі өзі туралы арнайы түсірілген бейнефильмді ұсынды.

 

Екінші тапсырма «Аударма» деп аталды, бұл тапсырманы байқауға қатысушылар ауызша түрде орындады. Экранда қазақ тілінде ұсынылған шағын мәтінді алдымен орыс тіліне, кейін ағылшын тіліне аударған сайыскерлердің бірі мәтіндерді қиналмай аударып бере салса, кейбірі аздап қиналыс танытты. Әрине, бұл жерде қобалжу орын алғаны да өз әсерін тигізгені шындық. Әйтсе де, байқауға қатысушылардың жеңіске ұмтылысы анық байқалып тұрды.

 

 

Әділқазылар мүшелері бұл тапсырманы орындауда байқауға қатысушылардың қазақ, орыс және ағылшын тілін білу деңгейін әділ бағалай алды.

 

«Терминдер» атты үшінші тапсырма бойынша қатысушылар жазбаша түрде берілген өрт сөндіру қызметіне қатысты термин сөздердің қазақ және ағылшын тіліндегі аудармаларын жазып берді. Бұл тапсырмада сайыскерлердің сауатты жазуы сынға түсті.

 

Соңғы тапсырма бойынша байқауға қатысушылар өздерінің өнерлерін ұсынды. Қызу тартыста бірінші орынды-1-Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері өртке қарсы қызмет лейтенанты Бисенбеков Жолдыбек, екінші орынды-құжаттамалық қамтамасыз ету тобының инспекторы Джолдасбаева Инжелия және үшінші орынды-Мұнайлы аудандық ТЖ бөлімінің инженері өртке қарсы қызмет аға лейтенанты Байдуллаұлы Дәурен иеленді.

 

Сайысқа төрелік еткендер қатарында Маңғыстау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары өртке қарсы қызмет майоры Нұрғали Еркінбек Сұлтанғалиұлы, ағылшын тілін жетік меңгерген қаладағы әртүрлі ірі шетелдік компанияларда аудармашы қызметін атқарып жүрген Шаужанов Арман және Рахметов Ұлан, сонымен қатар қалалық «Лада», «Тумба» апталықтарының тілшілері болды. Олардың алдында сайыскерлердің үш тілді меңгеру деңгейін кәсіби бағалау міндеті тұрды. 

 

Байқау аяқталған соң қазылар мүшесінің бірі, қытай, корей, жапон тілдерін меңгерген ағылшын тілінің аудармашысы Арман Шаужановтың сайыс туралы пікірін сұрағанымызда ол:

 

-Сайыс жақсы деңгейде өтті. Қатысушылар барын салып тырысты. Әсіресе қазақ және орыс тілін білу деңгейлері өте жақсы екені анық байқалды, ал ағылшын тілін меңгерулері орташа деңгейде. Бастапқы кезең үшін бұл-жаман көрсеткіш емес, әрине. Келешекте тілді білу деңгейлерін жетілдіруге әбден болады деп есептеймін,- деді.

 

Тағы бір төреші, қазақ және оры тілдерін жетік меңгерген, ағылшын тілінің аудармашысы Рахметов Ұлан:

-Бүгінгі сайыс өте жақсы деңгейде ұйымдастырылғанын атап өткім келеді. Сайыскерлердің талабы зор екені байқалды. Әрине, ағылшын тілін мектепте оқымаса, тез арада бұл тілді меңгеріп кету мүмкін емес. Сондықтан орта мектепте бұл тілді дұрыс оқытуға көбірек көңіл бөлінсе деген тілек бар. Себебі, ағылшын тілі-халыаралық тіл, ғылым мен білімнің, технологияның тілі. Сол себепті елімізде жүргізіліп отырған үш тұғырлы тіл саясатын қолдап, әрбір азамат ағылшын тілін меңгеруге ұмтылса, өте дұрыс болары анық. Алайда, әркім өзінің ана тілін де ұмытпауы тиіс,-деген пікірімен бөлісті.

 

Маңғыстау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары өртке қарсы қызмет майоры Нұрғали Еркінбек Сұлтанғалиұлы байқауға қатысушыларды дипломдармен және сыйлықтармен марапаттады.

 

Байқаудың екінші, республикалық кезеңі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті базасында өткізіледі. Бұл кезеңге бүгінгі жеңімпаз Жолдыбек -Бисенбеков жолдама алды. Ол республикалық сайыста аймақтың намысын қорғайтын болады. Оған әріптестері сәттіліктер тіледі.

 

Сонымен қатар шарада Маңғыстау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің бірқатар қызметкерлеріне мекемеде ұйымдастырылған мемлекеттік және ағылшын тілдерінің курсын аяқтағаны жөнінде сертификаттар табысталды. 20 академиялық оқу сағатында тіл үйрену курстарына қатысқан қызметкерлерге тіл үйреткен оқытушылар өз лебіздерін білдірді.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему