Ақтаулық полицияның құрамы 20 жас маманмен толықты
28 Августа 2015 (18:58) | 1695 | Автор: Нурганым Имашева
Қазақстан Республикасының Конституция күні қарсаңында Ақтау қаласы Ішкі істер басқармасында жас қызметкерлердің салтанатты ант қабылдау шарасы өтті.
Ақтау қаласы ІІБ ғимаратының алаңында ұйымдастырылған салтанатты жиын барысында тәртіп сақшыларының қатарын жаңадан толықтырған 20 жас қызметкер Қазақстан Республикасына адал қызмет ету туралы бүкіл жеке құрамның алдында салтанатты түрде серт берді.
Қалалық ІІБ бастығының орынбасары полиция полковнигі Раушан Бекболатқызы Гайсина:
-Бүгін еліміздің Ата Заңының мейрамы қарсаңында Ақтау қалалық ІІБ құрамына қызметке қабылданған 20 жас қызметкер салтанатты ант қабылдап жатыр
Ант қабылдағаннан кейін бұл қызметкерлер бізбен қатар халықтың тыныштығын қорғайтын болады.
Ішкі істер органдарында қызмет етуге бел буған бұл жас мамандар 3 айлық алғашқы дайындық курсынан өтіп, полиция қызметкеріне қажетті білім алды. Енді олар облыстық ІІД басшысының бұйрығына сай қаламыздың ІІБ-ның әртүрлі бөлімшелерінде өз лауазымдарына сай қызмет атқаратын болады,-деп мәлімдеді.
Ел тыныштығын күзету, қоғамдағы тәртіптің сақталуына, азаматтардың заңды құқықтарының қорғалуына қызмет етуді таңдап, ішкі істер органында жұмыс жасауды қалаған жас полиция қызметкерлері өз анттарына адалдық танытумен қатар, нағыз тәртіп сақшылары болады деген сенім мол.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему