″Каспий″ су тұщыту зауыты үш ауданды сумен қамтиды
Курс валют в Актау
на 27/01/2022
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 777 259 44 50
Номер журналиста: +7 707 900 67 10
Рекламный отдел: +7 775 350 54 52
reklama@tumba.kz, site@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
27 Января, 07:24
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

″Каспий″ су тұщыту зауыты үш ауданды сумен қамтиды

8 Июля 2017 (09:29) | 3002 | Автор: Мира Ботабекова

 

 

 

              Ақтаудағы «Каспий» су тұщыту зауыты «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жаңғыртылып, салтанатты түрде іске қосылды. Енді кәсіпорын тәулігіне 30 мың текше метр теңіз суын тазартып, үш бірдей Мұнайлы, Түпқараған және Қарақия аудандарының халқын тіршілік нәрімен қамтамасыз етеді.

 

 

             Бұрын тәулігіне небәрі 10 мың текше метр су өндіретін зауыт қайта жаңғыртылған соң қуаты үш есеге артты. Бұл зауыт «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жаңғыртылып, әлемдегі осы заманғы ең озық технологиямен жабдықталды. Тозығы жеткен қондырғылар бірнеше есе қуаттысына ауыстырылды. Күрделі жөндеу жұмыстарына жергілікті қазынадан 3 млд теңге жұмсалған. Осылайша, Ақтаудың іргесіндегі үш ауданда су тапшылығы мәселесі шешімін тапты. Жақын күндері бұл өңірдің тұрғындары су тасу машақатынан да біржола құтылмақ. «Каспий» зауытынан үш бірдей ауданға су құбыры тартылып, 200 мыңнан аса адам өз үйінен таза ауыз су ішеді.

 

 

ҚҰЛЖАН ЕГІЗҚАРАЕВ, МҰНАЙЛЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Біздің халқымыздың, еліміздің өркендеп өсіп жатқандығының тағы бір көрінісі дер едім. Бұл Тәуелсіздігіміздің жемісі, бұл Президентіміздің саясатының жемісі, бұл халықтың жеңісі! Аллаға шүкір, міне Мұнайлы ауданында 140 мыңдай халық тұрады. Бұйырса осы зауыттың суын соншама тұрғын тұтынатын болады.

 

 

            Зауытты жаңғырту жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталды. Алдағы жылдары қалған ескі су қондырғылары да түгел жаңартылады. Осылайша зауыттың қуаты тәулігіне 40-50 мың текше метр теңіз суын сүзгіден өткізуге жетеді деп жоспарланып отыр.

Маңғыстауда жерасты су көздері тапшы. Сондықтан да жергілікті билік Құрық порты маңынан тағы бір теңіз суын тұщытатын зауыт салуды көздеп отыр. Қуаттылығы жоғары - тәулгіне 50 мың текше метр су тазартпақ. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асатын жобаға қазір байқау жарияланды. Қаржы көзі анықталған соң құрылысы басталады.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 747 353 00 03
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему