Теңіздегі демалыс-шомылу кезінде қауіпсіздікті сақтайық
Курс валют в Актау
на 26/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
26 Ноября, 03:33
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Теңіздегі демалыс-шомылу кезінде қауіпсіздікті сақтайық

7 Июля 2015 (15:48) | 2863 | Автор: Нұрганым Имашева

 

Жаз. Теңіз. Демалыс кезі. Демалысыңыз есте қаларлықтай болу үшін теңіздегі қауіпсіздік шараларын есте сақтау керек.

 

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы өртке қарсы қызметінің полковнигі Қуанар Бекенұлы Базарбаев маңғыстаулықтарға судағы қауіпсіздік ережелерін еске салды және суға шомылу маусымына қатысты биылғы жылғы облыстағы ахуалға тоқаталды:

-Облыс тұрғындары достарымен, балаларымен, туысқандарымен демалуға теңізге барады, бірақ қауіпсіздік ережелерін ұмытып кетіп жатады, сөйтіп өздерінің және балаларының өмірін қатерге тігеді.

 

Ағымдағы жылы облыс бойынша 9 адам теңізде қайғылы қазаға ұшырады (2014ж.-5), құтқарылғандар 7 адам (2014ж-5). Адамдардың суға кетуінің негізгі себептері-бұл қауіпті жерлерде шомылу, ішімдік ішкен күйде суға түсу, балық аулау кезінде суға бату.

 

Суға түсуге қауіпті аймақтар-«Қаракөл» су каналы мен «43 шақырымда» қауіпті аймақ екендігі көрсетілген, алдын алу бағытында баннерлерде жазылғандарға қарамастан адамдар суға шомылып жатады.

 

Жаз мезгілдерінде су айдындарда балалардың өлімін болдырмау үшін облыстық құтқару бекеттерінде балаларды жүзуге үйретеді.

 

Судағы қауіптің алдын алу үшін барлық білім орындарында «Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау» және «Суда зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсету» тақырыптарында әңгімелер, дәрістер, интерактивті сабақтар өткізіледі. Судағы қауіпсіздік ережелері БАҚ-на шығарылуда.

 

Профилақтикалық жұмыстар демалыс күндерімен қоса, мереке күндері де өткізілуде. Ыстық болған сайын, ТЖ қызметкерлерінің де жұмысы қыза түседі.Жұмыста ең жақсы көмекші-бұл бұқаралық ақпарат құралдары. Республикалық және аумақтық БАҚ барлық уақытта маңызды ақпаратты тұрғындарға жеткізуге көмектесуде, біздің өтінішімізге бірден қол ұшын береді, себебі, бұл-біріншіден адамдардың, сонымен қатар олардың жақындарының қауіпсіздігі.

 

 

ТЖ Департаменті басшысының мәлімдеуінше, «2015 жылдың 28 сәуірінде Департаментте демалыс орындарының басшыларының қатысуымен «Облыстағы су айдындарында адамдардың қауіпсіздігін, олардың өмірін және денсаулығын қорғау» тақырыбында жиналыс өткізілді, онда шомылу маусымында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету сұрақтары қозғалды.

 

Аталмыш мәселе Маңғыстау облысы әкімдігінде және 2015 жылдың 1 шілдесінде қалалық әкімдікте төтенше жағдайлар комиссиясында қаралды».

 

Басшының ескертуінше, «Нені мүлдем істеуге болмайды: белгісіз жерлерде шомылуға және сүңгуге; қайықтан және кемеден секіруге; сонымен қатар оларға жақындап жүзуге.

 

Ересектерге ерекше ескертерім, айтарым-ешқашан балаларды қараусыз қалдырмаңыздар. Егер қараусыз балаңыз жазым болса-Сіз өзіңізге бұны ешқашан кешірмейсіз және ішімдік ішіп суға түсу-өзімен бірге үлкен қауіп әкеледі.

 

Сонымен қатар, жастары үлкен адамдар суға түсу кезінде өздерінің денсаулықтарына сақ болуы қажет. Қиын емес осы ережелерді ескеріп, өздеріңіздің өміріңізді сақтаңыздар және күннен, судан-табиғаттан ләззат алыңыздар.

 

Аймақтың тұрғындарын және қонақтарын жеке қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамын, шомылуға арналған жерлерде шомылыңыздар, ішімдік ішіп суға түспеңіздер, балаларды қараусыз қалдырмаңыздар. Суда сақ болыңыздар, теңіз қателікті кешірмейді!»

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему