«БАТЫС» ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫНДА  ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Курс валют в Актау
на 03/11/2026
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
3 Ноября, 18:44
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«БАТЫС» ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

3 Ноября 2026 (11:15) | 1 | Автор: Редакция

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығында Мемлекет басшысының Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіруге арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Кездесуге арнайы шақырылған спикер ретінде Батыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Гүлжанар Болатқызы Шукеева қатысты.

Кездесу барысында Президент Жолдауында айқындалған ел дамуының негізгі басымдықтары, қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайту, экономиканы дамыту және халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы міндеттер кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді іс жүзінде жүзеге асырудың маңыздылығы мен жалпыұлттық мақсаттарға қол жеткізудегі әрбір азаматтың жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.

Өңірлік қолбасшының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Бақыт Алазов өз сөзінде: «Мемлекет басшысының Жолдауы еліміздің алдағы даму бағыттарын айқындайтын маңызды құжат. Ұлттық ұлан әскери қызметшілері үшін қойылған міндеттерді терең түсініп, қоғамдағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі өз жауапкершілігін сезіну аса маңызды. Осындай кездесулер жеке құрамның азаматтық белсенділігін арттырып, патриоттық рухын нығайтуға ықпал етеді», – деп атап өтті.

Кездесу соңында әскери қызметшілер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, талқыланған тақырыптар бойынша пікір алмасты.

ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему