Жоғалған баланы ата-анасына табуға ұландықтар көмектесті
Курс валют в Актау
на 17/08/2026
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
17 Августа, 20:35
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жоғалған баланы ата-анасына табуға ұландықтар көмектесті

17 Августа 2026 (10:47) | 1 | Автор: Абдрасул Абдрашит

Ақтауда Ұлттық ұланның әскери қызметшілері түнгі кезекшілік кезінде жоғалып кеткен бүлдіршінді байқап, ата-анасына аман-есен табыстауға ықпал етті.

Ақтау қаласында Ұлттық ұланның 6656 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қызметтік міндетін атқару барысында қырағылық танытып, жоғалып кеткен кішкентай баланы ата-анасына табыстыруға көмектесті.

Оқиға түнгі сағат 22:40 шамасында қаланың 19-шағынауданындағы №43 үй маңындағы аялдамада болған. Қызметтік маршрутпен келе жатқан әскери жасақ жылап отырған баланы байқап, оның жағдайына алаңдап, дереу көмекке кірісті.

Әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Ерболат Қуатов пен қатардағы жауынгерлер Арман Сегізбаев және Шахзодбек Исманов баланың жағдайын анықтап, оқиға туралы кезекшіге баяндады. Бұдан кейін бүлдіршіннің жеке басын анықтау, ата-анасын іздестіру бойынша тиісті шаралар қабылданды.

Көп ұзамай әскери қызметшілердің көмегімен баланың ата-анасы табылып, бүлдіршін аман-есен отбасына тапсырылды. Баласының дін аман екенін білген анасы ұландықтарға ризашылығын білдірді.

«Әскери қызметшілерге мұқияттылығы мен адамгершілігі үшін шын жүректен алғыс айтамын. Сол сәтте балам үшін қатты алаңдадым. Оның қауіпсіз жерде екенін білгеніміз отбасымыз үшін үлкен жеңілдік болды. Қасымыздан немқұрайлы өтпей, көмек көрсеткен ұландықтарға рақмет», – деді ол.

Әскери қызмет – Отан алдындағы міндетті орындаумен ғана шектелмейді. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында азаматтарға қол ұшын созу, қиын жағдайда қалған жанға дер кезінде көмек көрсету де – әскери қызметшінің жауапкершілігін танытатын маңызды қасиет.

Ақтаулық ұландықтардың бұл әрекеті әскери қызметшілердің қырағылығы мен азаматтарға деген жанашырлығының кезекті көрінісі болды.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему