Атыраулық кәсіби футболшы Ұлттық ұлан қатарында қызмет етіп жүр
Курс валют в Актау
на 06/06/2026
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
6 Июня, 22:00
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Атыраулық кәсіби футболшы Ұлттық ұлан қатарында қызмет етіп жүр

28 Мая 2026 (13:00) | 1 | Автор: Абдрасул Абдрашит

Атыраулық жас футболшы Олег Фофонов бүгінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5517 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметін өткеріп жүр.
        Спортшы бала кезінен футболмен айналысқан. Ол алты жасында Атырау қаласындағы «Арсенал» футбол клубында алғашқы жаттығуын бастап, бірнеше жыл бойы түрлі жарыстарға қатысып, өзінің спорттық мансабында алматылық «Қайрат», «Ақтөбе», «Ақжайық» секілді танымал командалармен кездесіп, тәжірибе жинақтағанын айтады.       
         Оның айтуынша, спорт арқылы қалыптасқан тәртіп пен төзімділік әскери қызмет барысында үлкен көмегін тигізуде.
        — Әскер — үлкен өмір мектебі. Мұнда адам физикалық тұрғыдан ғана емес, рухани жағынан да шыңдалады. Спорт маған әскери ортаға тез бейімделуге көмектесті. Қызмет аяқталған соң үлкен футболға қайта оралып, кәсіби мансабымды жалғастыруды жоспарлап отырмын, — дейді Олег Фофонов.
         Қазіргі таңда жас сарбаз жауынгерлік дайындықпен айналысып, әскери тәртіпке бейімделіп келеді. Әскери бөлім басшылығының мәліметінше, ол қызмет барысында жауапкершілігімен және жоғары физикалық дайындығымен ерекшеленуде.
        Айта кетейік, Ұлттық ұлан сапында спортпен кәсіби айналысқан жастар аз емес. Әскери қызмет олардың бойындағы тәртіп пен табандылықты одан әрі нығайтып, болашақ мақсаттарына сенімді қадам жасауына мүмкіндік береді.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему