Әскери бөлімде Отан қорғаушылар күні аталып өтті
7 Мая 2026 (00:58) | 1
|
Автор: Абдрасул Абдрашит
Орал қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты №5517 әскери бөлімінде Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Мерекелік жиынға қала әкімі Мұрат Байменов, Ұлттық ұлан ардагерлері және жеке құрам қатысты. Салтанатты сапқа тұрғызылған жауынгерлер алдында сөз сөйлеген шаһар басшысы ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында қызмет етіп жүрген әскери қызметшілерге алғыс білдіріп, олардың кәсіби біліктілігі мен жауынгерлік рухына жоғары баға берді.
Өз кезегінде «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы полковник Нариман Ақбаров жеке құрамды мерекемен құттықтап, қызметтік міндетін адал атқарып жүрген бірқатар әскери қызметшілерге кезекті әскери шендер мен алғыс хаттар табыс етті. Сонымен қатар өңірлік қолбасшылықтың ардагерлер кеңесінің төрағасы, запастағы подполковник Бақытжат Бердиев те жылы лебізін білдіріп, Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.
Салтанатты шара барысында әскери бөлімнің жеке құрамы сап түзеп, мерекелік алаңда әскери шерумен жүріп өтті. Жауынгерлердің жинақылығы мен тәртібі, әскери машығы көпшілік көңілінен шықты.
Айта кету керек, осы күні әскери бөлімде ашық есік күні де ұйымдастырылды. Оған қала мектептерінің оқушылары мен студент жастар арнайы шақырылып, әскери өмірмен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды. Қонақтарға әскери техника мен қару-жарақ көрмесі ұсынылып, сарбаздардың тұрмыс-тіршілігі көрсетілді. Сонымен қатар келушілерге дәстүрлі сарбаз ботқасы ұсынылып, ерекше әсер сыйлады.
ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему

Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz









