Ашықтық пен сенім — өзара іс-қимылдың негізі
Курс валют в Актау
на 02/04/2026
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
2 Апреля, 13:22
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ашықтық пен сенім — өзара іс-қимылдың негізі

30 Марта 2026 (11:11) | 1 | Автор: Абдрасул Абдрашит Батыс МВД

Орал қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметшілердің ата-аналарының қатысуымен Ашық есік күні өтті.

Іс-шара бөлім басшылығы мен сарбаздардың отбасылары арасындағы сенімді нығайту, сондай-ақ ата-аналарды ұлдарының қызмет ету жағдайымен, тұрмыс-тіршілігімен және күн тәртібімен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды. Кездесу барысында қонақтар казарма үй-жайларын, асхананы, оқу сыныптарын аралап, бөлімнің материалдық-техникалық базасымен танысты.

Бөлім басшылығы әскери қызметшілердің күнделікті қызметі, жауынгерлік дайындықтың ерекшеліктері мен тәрбие жұмыстары туралы жан-жақты мәлімет берді. Сонымен қатар ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.

Әскери бөлім командирі, полковник Өміржан Сахатов атап өткендей:
— «Біз әрдайым әскери қызметшілеріміздің ата-аналарымен ашық диалог жүргізуге дайынбыз. Біз үшін олардың балалары сенімді қолда екенін, барлық қажетті жағдаймен қамтамасыз етілгенін және абыроймен қызмет атқарып жатқанын білуі маңызды».

Өз кезегінде ата-аналар жылы қабылдау мен іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны үшін бөлім басшылығына алғыстарын білдірді.
— «Бүгін біз балаларымыздың қандай жағдайда қызмет етіп жатқанын өз көзімізбен көрдік. Бұл бізге тыныштық пен сенім береді. Мұнда әскери қызметшілерге ерекше көңіл бөлініп, қамқорлық көрсетілетіні байқалады», — деді сарбаздың анасы.

Қонақтардың ерекше қызығушылығын жауынгерлік дайындықтың көрсетілім элементтері тудырды. Онда әскери қызметшілер өздерінің кәсіби дағдылары мен үйлесімді іс-қимылдарын көрсетті.

Іс-шара бейресми жағдайда өткен еркін әңгімемен қорытындыланып, ата-аналар өз ұлдарымен жеке жүздесу мүмкіндігіне ие болды.

Осындай іс-шараларды өткізу әскери ұжымдардағы моральдық-психологиялық ахуалды нығайтуға және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы қатарындағы әскери қызметтің беделін арттыруға ықпал етеді.

ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему